Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:12

Гонконгтағы өрт құрбандарының саны 128 адамға жетті

Гонконг
Фото: japantimes.co.jp

Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған ірі өрттің салдарынан қаза тапқандар саны 128 адамға дейін өсті. 

Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.

Қала билігі құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін ескертті. Қауіпсіздік жөніндегі хатшы Крис Тэнгтің айтуынша, құтқарушылар жоғалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр, деп жазады Associated Press.

Өрт 26 қарашада басталған

Тілсіз жау тұрғын үй кешенінде 26 қараша күні тұтанған. Ғимаратта шамамен 4 мың адам тұрған. Алғашқы мәліметтер бойынша, өрттің тез таралуына:

лифт шахталарындағы жанғыш материалдар,

жөндеу кезінде қолданылған бамбуктан жасалған құрылыс тіреулері

себеп болған.

Кешен 2024 жылдың жазынан бастап жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

Тергеу басталды, бірнеше адам ұсталды

Қала билігі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. South China Morning Post (SCMP) дерегінше, жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компанияның екі басшысы мен кеңесшісі абайсызда адам өліміне әкелу бабы бойынша ұсталған.

Тегтер: