Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:46, 16 Шілде 2024

Грант конкурсына 41 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды

r
Фото: pixabay

13 шілдеде білім беру гранттары тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлады Оқу ағарту министрлігі.

Қазіргі таңда (сағ. 09.00) 41 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді.

Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы офлайн форматта тапсыруға болады, сонымен қатар виртуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істеуде. 

Оқу ағарту министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда елде 19 шетелдік ЖОО-мен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Ақтөбеде Хериот Уатт университетінің филиалында Қазақстанның 9 өңірінен жастар оқиды. Биылғы жылы шетелден алғашқы студенттер келуде. Солтүстік Қазақстанда Аризона университетінің филиалында Қазақстанның 18 өңірінен жастар білім алуда. Қызылордада Сеултех университетімен бірлесіп Жасанды интелллект жоғары мектебі ашылды, делінген хабарламада.

Тегтер: