10:00, 10 Тамыз 2023
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері белгілі болды

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Юрий Васильевич Мельниченко грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Юрий Васильевич Мельниченко – тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада чемпионы атанған жалғыз балуан. Сондай-ақ, әлем және Азия чемпионаттарында топ жарған.
Айта кетейік, ол Қазақстан құрамасын 2000-2004 жылдар аралығында жаттықтырған.