Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:15

Грекия Украинаға АҚШ-тың сұйытылған газын жеткізеді

Зеленский мен Кириакос Мицотакис
Фото: Angelos Tzortzinis/AFP

Грекия мен Украина энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді. Келісімнің негізгі тармағы – АҚШ-та өндірілген сұйытылған табиғи газды Грекия арқылы Украинаға бағытталған құбыр желісімен жеткізу. Газ тасымалы осы қыс мезгілінде-ақ басталмақ.

Екі ел арасындағы келісім 16 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскийдің Грекияға сапары барысында DEPA (Грекия) және «Нафтогаз» (Украина) компаниялары арасында рәсімделді.

«Вертикалды газ коридоры» деп аталатын бұл жүйе бойынша АҚШ-тың газы Грекия порттарында қабылданады, одан әрі Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері арқылы тасымалданып, соңында Украина аумағына жеткізіледі.

Грекия үкіметінің Афинада хабарлауынша, газды жеткізу желтоқсан айында басталып, наурызға дейін жалғасады. Болашақта бұл бағыт тұрақты түрде жалғасады.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис:

«Біз украин халқын қолдаймыз», – деп атап өтті Зеленскиймен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында.

Зеленский: Газ Ресей шабуылынан кейін аса қажет

Зеленскийдің айтуынша, газ тасымалы Украинадағы газ инфрақұрылымына қолдау көрсетеді, әрі бұл газ бұрыннан бар құбырлар арқылы жіберіледі.

Президент Ресейдің соңғы айлардағы соққылары Украинаның жерасты газ қоймаларын және газ өндіру нысандарын жойып жатқанын еске салды. Ол Грекияға, сондай-ақ газ дәлізін кеңейтуге көмектескені үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғыс айтты.

Қысқы маусымға дайындық: Украинаға 2 млрд еуро қажет

Соңғы айларда Ресей Украинадағы энергия нысандарына бағытталған шабуылдарын күшейтті. Қазірдің өзінде Украина газ өндіру қуатының 60%-ы істен шыққан. Bloomberg бағалауынша, алдағы қыста электр энергиясына деген сұранысты өтеу үшін Киев 1,9 млрд еуроға дейін отын импорттауы мүмкін.

Тегтер: