10:05, 24 Желтоқсан 2024
Гренландия премьер-министрі елін АҚШ-қа сатуға қатысты жауап берді
«Гренландия Гренландия халқына тиесілі», - деді Данияның автономиялық территориясының премьер-министрі Муте Эгеде Трамптың АҚШ-тың аралды бақылау қажеттілігі туралы мәлімдемесіне жауап ретінде.
Гренландияның премьер-министрі Муте Эгеде АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың Вашингтонның аралға «меншік және бақылау» қажет екені туралы сөзіне жауап берді. «Гренландия Гренландия халқына тиесілі», - деді ол.
Эгеде былай деп қосты: «Біз сатылмаймыз, азаттық жолындағы ұзақ күресімізді жоғалтпауымыз керек. Сонымен бірге, саясаткер Гренландия «бүкіл әлеммен, әсіресе көршілерімізбен ынтымақтастық пен саудаға» ашық болып қалуы керек екенін атап өтті.