Грузия билігі шерушілердің бірі көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарды

24.06.2019, 03:01

206

22 маусымда Грузия астанасы Тбилиси орталығына алдыңғы күндермен салыстырғанда азырақ адам жиналды.

Грузияның денсаулық сақтау министрлігі 20 маусымда полициямен қақтығыс кезінде жараланған шерушілердің бірі қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін грузин тілінде ақпарат тарататын Agenda.ge сайты, Euronews-тің орыс редакциясы және бірқатар ақпарат құралдары қақтығыс кезінде көзінен жарақат алған шеруге шыққан азаматтардың бірі ауруханада көз жұмды деп хабарлаған еді.

Төтенше жағдай кезінде азаматтарға көмек көрсету бойынша ведомство басшысы Автандил Талаквадзе да бұл ақпаратты жоққа шығарып, ауруханада қазіргі кезде 54 азаматтың ем алып жатқанын, екеуі реанимация бөлімшесінде екенін айтқан.

Бұған дейін Тбилисидегі полиция мен наразылар арасындағы қақтығыс кезінде 290 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Олардың 80-і — полицей.

Қарай отырыңыз: Грузиядағы наразылық (20 маусым 2019 жыл).

Ресей депутатының Грузияға сапары наразылыққа ұласты Фотогалерея

Ресей депутатының Грузияға сапары наразылыққа ұласты

21 мауымға қараған түні Тбилисиде, парламент ғимараты алдында жаппай наразылық өтті. Наразылыққа Грузия парламентінде өткен жиында Ресей мемлекеттік думасының депутаты, Парламентаралық православие ассамблеясы төрағасы Сергей Гавриловтың грузин спикерінің орындығына отырғаны түрткі болған. Түрлі мәлімет бойынша, парламент алдына бірнеше мың адам жиналған. Бұған дейін Сергей Гаврилов Грузияның сепаратистік аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз деп таныған Мәскеудің шешімі өзгермейді деген пікір білдірген. <p />
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00