Грузия президенті жаңа парламент сайлауына дейін қызметінен кетуден бас тартты
Саломе Зурабишвили 14 желтоқсанда өтетін сайлау процесін «президент сайлауына пародия және ұят» деп атады және елде тек қана оның заңды билігі бар екенін атап өтті.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили елде жаңа парламент сайлауы белгіленгенше өз өкілеттігін беру ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Ол 14 желтоқсанда өткен президент сайлауын легитимсіз деп атады.
Оның айтуынша, бүгінде Грузияда тек оның ғана заңды билігі бар. Ол алдағы сайлау процесін «президент сайлауына пародия және масқара» деп сипаттады. Президент шерулерге қатысып жатқан азаматтар оның ұстанымымен келісетінін айтты.
«Мен елге бейбітшілік, әділдік пен болашақты қайтаратын жаңа парламенттік сайлау тағайындалғанша осында боламын», - деді Зурабишвили брифинг барысында.
Грузия президентін сайлауды сайлаушылар алқасы өткізеді. Оған Парламенттің барлық депутаттары, жергілікті әкімшіліктердің басшылары, сондай-ақ Ажария мен Абхазия Жоғарғы Кеңестерінің өкілдері енгізілген. Бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвили мемлекет басшылығына жалғыз үміткер.
Бұған дейін Грузияда бұрынғы президентті мемлекеттік қорғаудан айыру туралы заң қабылданғаны хабарланған болатын. Бұл заңды қолдап 85 депутат дауыс бергені атап өтілді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Грузия президенті, премьер-министрі және парламент спикері өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін тағы бір жыл мемлекеттік қорғауды пайдалана алады. Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардың біріне қандай да бір қауіп төнсе, мемлекеттік қорғау мерзімі ұзартылады.