Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:12, 05 Қаңтар 2025

Грузия үкіметі наразылық акциясына қатысқан 25 адамды елден шығарады

Грузия шеру
Фото: I. Žvinakytės / LRT

2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында Тбилисиде өткен наразылықтар кезінде Ресей, Иран, Ирак, Алжир, Үндістан, Египет, Пәкістан, Түркия және Әзербайжан азаматтары қамауға алынған.

Грузияның көші-қон департаменті 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында Тбилисидегі наразылық акциясына қатысқан 25 шетелдік азаматты елден шығару туралы шешім қабылдады. Грузия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, олардың 10-ы елден кеткен.

2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында үкімет жалпы 91 шетелдікті депортациялағанын атап өткен. Ведомствоның мәліметінше, олардың көпшілігі елден өз еркімен кетуге келіскен, бірақ кейбір шетелдік азаматтар Грузия аумағынан күштеп шығарылған.

Наразылық акциясы аясында Ресей, Иран, Ирак, Алжир, Үндістан, Мысыр, Пәкістан, Түркия және Әзірбайжан азаматтарының ұсталып, елден шығарылған.

Грузия Көші-қон департаментінің мәліметінше, Грузия 2024 жылы барлығы 430 шетелдікті депортациялаған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 126 пайызға көп.

Биліктегі «Грузия арманы» партиясы Еуроодаққа кіру келіссөздерін 2028 жылға дейін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Грузияда наразылықтың жаңа толқыны басталды. Шерулер кезінде азаматтар мен қауіпсіздік күштерінің өкілдері арасында қақтығыс болды. Парламентке келген басқа партиялар, сондай-ақ елдің бұрынғы президенті Саломе Зурабишвили сайлау нәтижелерін мойындамады.

Желтоқсан айының соңында Грузияның жаңа президенті Михаил Кавелашвили Тбилиси ЕуроОдаққа кіру бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін және бұл елдің АҚШ-пен де қарым-қатынасын тереңдетуге ниетті екенін мәлімдеді.

Тегтер: