Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 06 Желтоқсан 2024

Грузияда наразылыққа қатысқан 23 адамға қылмыстық іс қозғалды

Грузия шеру
Фото: Александр Патрин/ТАСС

Грузия полициясы 23 адамды зорлық-зомбылықты ұйымдастырды, басқарды және зорлық-зомбылыққа жария түрде адамдарды шақырды деген айыппен қамауға алды.

 Бұл туралы елдің ІІМ хабарлады.

 Грузия ішкі істер министрлігі топтық зорлық-зомбылық әрекеттеріне қоғамды тартты делінген 13 адамды қамауға алған.  Грузия полициясының мәліметінше, олар 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы да 9 адамға "полицияға шабуыл жасау" бойынша тергеу басталған. Оларды 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. ал бір адамға жарылыс жасады деген айып тағылған.

"Жүргізілген бірқатар тергеу әрекеттерінің нәтижесінде айыпталушының Руставели даңғылында жалғасып жатқан наразылық акциялары кезінде Ішкі істер министрлігіне бағынбағаны және қарсылық көрсеткені, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне әртүрлі заттарды лақтырып, топтық зорлық-зомбылыққа белсене қатысқаны анықталды.Тәртіп сақшылары тұрғын үйлерде жүргізілген жеке тінту және жедел іздестіру шаралары барысында айғақ ретінде ұялы телефондарды, компьютерлік техниканы, әскери киімдерді, жарылғыш заттарды тәркіледі", - делінген хабарламада. 

Тергеу Грузия Қылмыстық кодексінің 225-бабының I және II бөліктері және 239-бабының I бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Грузияның бірнеше қаласында наразылық жүріп жатқанына 8 күн болды. Желтоқсанның 5-і күні кешке Тбилисиде өткен шеруде «Күшті Грузия» оппозициялық коалициясы жетекшілерінің бірі Александр Елисашвили мен «Ахали» оппозициялық партиясының мүшесі Зураб Датунашвили тұтқындалды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оппозиция наразылық акциясы өткен парламент ғимаратынан алыс емес жерде қонақүйден шығып бара жатқанда ұсталған.

Бірнеше сағат бұрын қауіпсіздік күштері оппозициялық «Өзгеріс коалициясының» жетекшісі Ника Гварамияны ұсақ бұзақылық және полиция талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік айыппен қамауға алды.

"Ол уақытша қамауда, соққыға жығылған", - деді саясаткердің адвокаты Дито Садзаглишвили.

Желтоқсанның 4-і күні түстен кейін Тбилисидегі бірқатар оппозициялық партиялардың, соның ішінде бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің Бірыңғай ұлттық қозғалыс (БҰҰ) партиясының кеңселері «зорлық-зомбылық ұйымдастыру» бойынша қылмыстық тергеу аясында тінтілді. ІІМ Орталық криминалдық полиция басқармасының бастығы Теймураз Купатадзе жеті адамның қамауға алынғанын хабарлады.

Грузияда полиция парламент ғимараты маңындағы наразылық білдірушілерді таратты

Грузияда елдің еуроинтеграция курсына қайта оралуын талап еткен жаппай шерулер алтыншы күн қатарынан жалғасты. DW агенттігінің Тбилисидегі тілшісінің хабарлауынша, 3 желтоқсан күні кешке қарай арнайы жасақ парламент ғимараты маңында наразылық білдірушілерді тарата бастаған.

Полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, шерушілерді қамауға алды, олар баррикадалар орнатып, от жаққан. Кейбір демонстранттар пиротехникалық заттарды қолданған. «Медиазона» интернет-басылымының Mtavari Arkhi телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Грузиядағы наразылық акциялары аясында пиротехникалық дүкендер өз қызметін шектей бастады.

«Эхо Кавказа» интернет-басылымының хабарлауынша, ел астанасында ғана емес, Грузияның басқа қалаларында да үкіметке қарсы шерулер өткен. "Медиазона" Батуми мен Кутаисидегі шерулер туралы хабарлады.

Нұрсана Қанағатқызы, ҚазҰУ, журналистика факультетінің 3- курс студенті

 

Тегтер: