Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

Грузияда пара ісі бойынша іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

1
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан ІІМ-нің хабарлауынша, Грузияның Рустави қаласында күдікті ұсталды. Ол ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлігі (лауазымды тұлғаға пара беру) бойынша халықаралық іздеуде болған.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін құқық қорғау органының қызметкеріне 400 доллар көлемінде пара берген.


Мұнымен қатар, тексеру кезінде күдіктіге тиесілі массаж салонының қызметі заңсыз жолмен интимдік қызмет көрсетуге пайдаланылғаны анықталған.

Қазір күдікті Грузия аумағында қамауға алынды.