Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:50

Грузияда Ресей азаматшасы Лаура Авторханова ұрланды

Грузия
Фото: БАҚ

Ол үйдегі зорлықтан қашып кеткен.

Чешенстан тумасы Лаура Авторханова Тбилисидегі полиция бөлімінен шығып, қауіпсіз жерге бет алғанын “Марем” құқық қорғау тобы хабарлады. Оны Чешенстаннан келген туыстарына бермеген. Полиция бөлімінің алдында жиналған адамдар Лаураны қолдауға келген.

Бұған дейін Лаураны Грузиядағы пана үйінен әпкесі мен тағы бес адам ұрлап әкеткен. Бұл туралы “Марем” тобы хабарлады. Олардың айтуынша, пана үйінің қызметкерлері соққыға жығылған. Лаураның сөзіне қарағанда, оны Грузиядан кетіп, Ресейге “ерікті түрде” оралғысы келетіні туралы мәлімдеме жазуға мәжбүрлемек болған. Сабалған пана үйі қызметкері полицияға арызданған, алайда оның сөзінше, полиция қыздың ұрлануына аса мән бермей, тек дене жарақаттары туралы сұрап, соған басымдық берген. Содан кейін Лаураны кофеханадан күштеп шығарып, көлікке салып алып кеткен. Дағдарыс тобының мәліметінше, қызды Ресей немесе Армения шекарасына апаруы мүмкін. Бұған дейін Лаура полициядан көмек сұраған, тіпті оған қорғау туралы бұйрық та берілген.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Лаура үйінде тұрақты түрде зорлық-зомбылық көрген, оның жүріс-тұрысы бақылауда болған және барлық тапқан ақшасын тапсыруға мәжбүр болған.

Полиция бөліміне бармас бұрын Лаура селфи жариялап, Чешенстаннан қашар алдында жазып кеткен хатын көрсеткен. Ол хатта өзі ерікті түрде кеткенін айтып, оны іздемеуді сұраған.

Авторханова
Фото: БАҚ

 

Тегтер: