Бүгін, 10:41
Грузияда Саакашвилиге «елді төңкеріс жасауға шақырды» деген айып тағылды
Грузияның бас прокуратурасы Михаил Саакашвилиге және бірнеше оппозициялық саясаткерге қылмыстық іс қозғады.
Тергеу аясында күдікке ілінгендер қатарында Георгий Вашадзе, Ника Гварамия, Никанор Мелия, Зураб Джапаридзе, Элене Хоштария, Мамука және Бадри Джапаридзе бар.
Тергеу мәліметінше, олар 2024 жылғы парламент сайлауындағы жеңілістен кейін революция жасауға, мемлекеттік ғимараттарды басып алуға және полициямен қақтығысқа шақырған. Прокуратураның айтуынша, қазір түрмеде отырған Саакашвили «режимді құлату» туралы үндеу таратқан.
Экс-президентке Грузия Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша — конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге жария түрде шақыру айыбы тағылды.