Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:15

Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте жолаушы қыз көз жұмды

Ұшақ
Фото: из открытых источников

Threads желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, қыз Алматыға қонар алдында қайтыс болған. Бұл мәліметті Көлік полициясы департаменті

 растаған.


Алдын ала деректер бойынша, оның өліміне созылмалы дерті себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Алматы әуежайындағы полицияның желілік бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру болып отыр. Жағдайлар анықталуда. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын DV712 Актөбе – Алматы рейсінде бір жолаушыға кенеттен жағдайы нашарлаған еді. Ұшақ командирі әуежайға қайту туралы шешім қабылдаған. Қонудан кейін әйелді жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды, олар әйелдің қайтыс болғанын растаған.

Тегтер: