Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:00, 11 Қараша 2024

Гүл ақысына жалған ақша төлеген жігіт ұсталды

1
Фото: из открытых источников

Қарағандыда бірнеше букет гүлге жалған купюралар төлеген ер адам ұсталды.

Ведомствоның мәліметінше, қалалық орталық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы жігітті ұстады.

«Ұсталған ер адам гүл дүкендерінің бірінен бірнеше үлкен гүл шоғын сатып алған. Сонымен бірге, сатушы ақшаның жалған екенін алаяқ кетіп қалған кезде анықтаған. Күдікті айғақтары тәркіленді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатысы барын анықтады.

«Барлық анықталған алаяқтық фактілері біріктіріліп, алаяққа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.

Тегтер: