Кеше, 15:55
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бірінші инстанцияның шешімі өзгеріссіз қалды
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды 12 жыл бойы түрмеде отырады.
Сот оның аппеляциялық шағымын қанағаттандырмаған. Бұл ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады.
Кеше сот Сатыбалдының аппелляциялық шағымын қараған. Онлайн өткен отырыста апелляциялық сот бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырған.
Еске сала кетсек, алдыңғы сот үкімі 2024 жылдың тамызында шыққан еді. Сатыбалды Заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау, озбырлық көрсету баптары бойынша жауапқа тартылды. Прокурор келтірген мәліметтерге сәйкес, сотталушы өзінің серіктесі Мәди Батыршаевпен бірге Сатыбалдының күйеубаласы әрі бизнес-серіктесі Абай Жүнісовті 165 күн қамауда ұстап, бопсалап, қомақты қаражатын заңсыз меншіктеген