Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:02

Халық 2GIS қазақ тіліне қатысты жазған пікірді бұғаттайды деп бойкот жариялап жатыр

телефон
Фото: из открытых источников

Threads әлеуметтік желісінде қазақстандықтар 2GIS платформасына жаппай наразылық білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, мекемелер туралы қалдырған пікірлері өшіріліп жатыр немесе "расталмаған пікір" мәртебесіне түсіп, бизнес рейтингiне әсер етпей қалған.

Көпшілік платформаны бойкоттауға үндеп отыр. Мәселе, әсіресе, Gusto мейрамханасы туралы пікірлер жарияланғаннан кейін ушыққан. Онда қазақстандық Threads-та Алматыдағы Шымбұлақ тау курортындағы Gusto кафесінде қызметкердің оны мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқанына шағымданған еді. 

"Gusto мен 2GIS туралы бір ғана пікір жазғанымнан кейін, платформа менің барлық пікірлерімді өшіре бастады. Ол пікірлердің бәрі нақты барған орындарым туралы, оң да, теріс те бағалар еді. Бұл жағдайды түсініп, 2GIS-тің заңсыз әрекеттері үшін сотқа бергім келеді", – деп жазды қолданушы Диас.

Кейбір қолданушылар қосымшаның пікірлерге қатысты саясатын сынға алды. Олардың айтуынша, теріс пікірлер "сенімсіз" деп өшіріледі, ал жалған түрде жоғары баға қойып, мақтау пікір жазатындар еш кедергісіз қала береді.

Тегтер: