Бүгін, 11:10
Алматы жұрты Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Еңбек ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Қаралы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер өкілдері, әріптестері, шәкірттері мен қалың көрермен қатысты.
Қоштасу сөздерінде Асанәлі Әшімовтің қазақ театры мен киносына сіңірген еңбегі, актерлік мектебі, адамдық болмысы кеңінен аталды. Ол сомдаған бейнелер ұлттық өнердің алтын қорына айналып, бірнеше буын көрерменнің санасында мәңгі сақталатыны айтылды.