Халықаралық заңгерлер комиссиясы Мұрат Адам ісіне алаңдаушылық білдірді
Женевада орналасқан Халықаралық заңгерлер комиссиясы (ICJ) Қазақстандағы адвокат Мұрат Адамға қатысты іс бойынша мәлімдеме жасап, алаңдаушылық білдірді.
Министрлік Адамды адвокаттық лицензиясынан айыруды талап етіп, ең қатаң кәсіби санкция қолдануды көздеп отыр. ICJ бұл әрекетті адвокаттың клиентін қорғау аясындағы заңды іс-әрекетіне қарсы деп бағалады.
Комиссияның айтуынша, Адамның ісі негізінен Гүлнәр Бажкенованы қорғау кезінде жасаған жариялы сынына байланысты. Мұндай қадам адвокаттардың тәуелсіздігін, кәсіби құқықтары мен сөз бостандығын шектеу қаупін тудырады.
ICJ Қазақстан билігін адвокаттардың кәсіби қызметін орындауға кедергі жасамауға, заңды әрекеттері үшін карательдік шара қолданбауға, және кәсіби жауапкершілік мәселелерін тәуелсіз механизмдер арқылы шешуге шақырды. Сонымен қатар халықаралық құқық пен стандарттарға сәйкес адвокаттар өз пікірлерін ашық білдіре алу құқығына ие екені еске салынды.
Халықаралық комиссияның бұл мәлімдемесі соңғы екі күнде Қазақстандағы адам құқықтары жағдайына қатысты жасалған екінші халықаралық үндеу болып отыр.