Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:34, 12 Қараша 2019

Халқына қайта оралды

Туған елінің «гүлі болып егіліп, жыры болып төгілген» ән падишасы – Шәмші Қалдаяқовқаөткен бейсенбіде Алматыда ескерткіш ашылды.

Салтанатты жиынға қала әкімі Б.Сағынтаев,композитордың жұбайы Ж.Қалдаяқова, сондай-ақ Н.Нүсіпжанов, М.Шаханов,Р.Рымбаева, А.Мейірбеков сияқты басқа да көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты.

Композитордың қоладан құйылып,гранит тұғырға орнатылған мүсіні оңтүстік астанадағы Республика сарайы мен «Қазақстан»қонақүйі арасындағы саябақтан орын тепті. Салтанатты жиында сөз сөйлеген қала әкіміБақытжан Сағынтаевтың айтуынша, ескерткіштің көрнекті руханият ордасы маңынаорнатылуында үлкен мән бар. Шәмшінің «XX ғасырдың төбесінен лирика болып құйылған»ғажайып әндері мұнда еліміздің майталман әншілерінің орындауында талай рет шырқалған,Республика сарайы сахнасынан күні бүгінге дейін түскен емес.

Осы орайда, Бақытжан Сағынтаев: «Шәмші ағамыздың мәңгі жастықты, сұлулықпен махаббатты жырлаған әндері ел абыройын асқақтатты. Ол өзінің әдемі әндеріменәр шаңырақты тербетіп қойған жоқ, бүкіл қазақ жерін тербетті. Еліміз тәуелсіздікалған соң, «Халық әртісі» атағын алды. Ал, бірақ, халқы оны әлдеқашан бағалап,«қазақ вальсінің королі» деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл елдің, халықтыңсүйіспеншілігі», – дей келе, Шәмші ағаның әрқашан халқының жүрегінде өмір сүретінін,өзі де, ән-мұрасы да ешқашан ұмытылмайтынын айтты.  

Бір айта кетерлігі, композитор мүсініне жарияланғанконкурсқа 50 жұмыс ұсынылған. Соның ішінен үздік шыққан, яғни Шәмшінің орындықтаотырғаны бейнеленген жобаны әзірлеген авторлар ұжымында Қанат Бегулиев, ӘлімжанТоқбаев, Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев және Данияр Сарбасов бар. Мүсіншілеркомпозитордың терең ойға шомған, шығармашылық толғаныстағы сәтін бейнелеугетырысқан. «Біз Шәмші ағамыз халыққаосылай жақын болады деп ойлаймыз, оның жанына отыруға да болады әрі суретке түсуде ыңғайлы», – дейді авторлық ұжым мүшесі Қанат Бегулиев.

Ескерткіштің ашылу жиынында сөйлеген сөзіндесазгердің жұбайы Жәмила Қалдаяқова Шәмші көзі тірісінде-ақ ел-жұрттың сүйіспеншілігінерекше сезінгенін, «Мен бақытты адаммын, мені халық жақсы көреді, барғанжерімде құрметтейді» деп үнемі айтып өткенін еске алып, жиналған қауымғаризашылығын білдірді.

Өміршең әндерімен өзіне мәңгілікескерткіш тұрғызып кеткен Шәмші араға жылдар салып ару Алматысына қайта оралды,тек қола мүсін кейпінде. Мүсін авторлары айтпақшы, енді сазгердің жанындаотырып суретке түсуге, ең бастысы, бірге ойға шомуға болады. 

Фото: express-k.kz

Тегтер: