Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:26

Halyk Bank 323,5 млрд теңге дивиденд төлейді

Тимур мен Динара Құлыбаев
Фото: kazenergy.com / foundation.kz

Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, «Халық Банк» АҚ («Halyk Bank») акционерлеріне 323,5 млрд дивиденд бөлуді бекітті. Дивиденд мөлшері әрбір жай акцияға 29,64 теңге болып белгіленді.

Төлем мерзімі: ақшалай қаражат 2025 жылғы 22 мамырдан бастап аударыла бастайды.

Реестр күні: дивиденд алуға құқық беретін акциялар тізімі 2025 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша анықталады.

Акционерлік құрылым

  • Банк акцияларының 69,77%-ын құрайтын мажоритарлық пакет – «Алмэкс» холдинг тобына тиесілі. Бұл компанияны кәсіпкер Тимур мен Динара Кұлыбаевтар басқарады.

  • Қалған 28,11% акцияның номиналды иесі ретінде The Bank of New York банкінің филиалы тіркеулі (2025 жылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша).

Естеріңізге сала кетейік, жақында Halyk Bank директорлар кеңесіне полиция генерал‑мйор Тілеген Маткенов сайланған болатын. Ол бұған дейін Қазақстандағы басты есірткі саудасына қарсы күрес маманы ретінде танылған.