Халық демократияға дайын

25.12.2019, 23:45

13

«Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасының қонағы – саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт. Сұхбат барысында 2019 жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалар сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі, президенттік сайлау, митингілер (рұқсат етілген, билік өкілдері өткізген және ҚДТ мен көпбалалы аналардың акциялары) талқыланды. Сондай-ақ, Ақорда мен «кітапхана» арасындағы қарым-қатынас, саяси процесстерге араласа бастаған дін өкілдері жайлы да сөз қозғалды. Сұхбатта айтылған ойлар: 

 *** 

«Қазақстандағы биліктің ауысуын шетелдік ғалымдар да болжады. Бір қызығы, шетелдік ғалымдар Назарбаевтың қауіпсіздік кеңесін құру туралы шешіміне көп мән берді. Америкалық, еуропалық басылымдар биліктің ауысуы осы бағытта жүретінін талқылап, осы сценарийді күтті.Бұл сайлау осы уақытқа дейін болған бес-алты президенттік сайлаудан ерекше болды. Бұл сайлауда Назарбаевтың аты-жөні бюллетенде болған жоқ. Бұл сайлау халықтың демократияға дайын екені көрсетті. Қайта керісінше биліктің өзі демократияға дайын емес екен. Ашық сайлауға да дайын емес екен». 

 *** 

«… Не үшін Қосановты кінәлаймыз? Әрине, бұл ойында бір құрбан болуы керек. Өзімізден жауапкершілікті алып тастау үшін де бір құрбан керек. Қосанов билік үшін де, қоғам үшін де құрбан болды деп айтуға болады. Құрбан болуға өзі де үлес қосты». 

 *** 

«Енді 21 мың теңге, басқа да әлеуметтік көмектер бюджетке әжептеуір салмақ түсіретінін билік те жақсы түсініп отыр. Қазір бюджеттің 55 пайызға жуығы әлеуметтік қолдауға кетеді. Бұл біздің ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайы төмен екенін білдіреді. Жақында Кипинжердің зерттеуі жарияланды, онда еліміздегі 165 адам мемлкет байлығының 55 пайызына иелік ететіні көрсетілген. Ал, жылдық табысы 10 мың доллардан аз адамдардың саны 11-11,5 млн шамасында екен». 

 *** 

«Жас Алаш» газетініңі ютуб каналына жазылып, пікір білдіре отырыңыздар. Көріңіз! Жазылыңыз! Бөлісіңіз! Таратыңыз! Талқылаңыз!

Сұхбатты көру үшін сілтемені басыңыз: https://www.youtube.com/watch?v=90lavCCVqbc

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

24.12.2019, 15:09
Есмұхан ОБАЕВ: Боранбаев - спонсор, Әшімбаев - көрермен, Әбдіхалықов - менеджер
09.12.2019, 17:38
Қазақ о бастан отбасылық басқаруға тәуелді болған
27.11.2019, 20:07
Уахит Шәлекенов: Шыңғысхан ешбір жерді өртеген жоқ (Видео)
19.11.2019, 21:45
Бекен Исабаев. Қариялардың қойнында өстім
05.11.2019, 22:40
Мәмбет Қойгелді. Өз жерімізге өзіміз иеміз бе? (Видео)
23.05.2018, 22:36
"Асекеңе күйеуге шыққаным қандай жақсы болған" (видео)

Аңдатпа


  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30
  • Жетім бала елге аманат
    13.10.2020, 10:33