Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:50, 04 Қазан 2021

Халық қашанғы тарығады, үкімет нені ескеруі керек?!

None
None

Отандық мамандар экономиканы дамытуға, оның ішінде қымбатшылықты ауыздықтауға жаңаша әдістерді қолға алмасақ, келер жылы да халық одан әрі тарығып, ауыртпалық бұқараның арқасына бата түсетінін алға тартып отыр.

  Сала мамандарының байыптауынша, үкімет болашақта мына жайттарға аса мән беруі тиіс.

Біріншіден, тауар бағасын өсіруге бірден-бір әсер ететін дүние коррупциялық қадам. Оларға кедендегі, жол үстіндегі және басқа да тексеруші құрылымдардағы заңсыз алым-салықтарды жатқызуға болады. Мұндайға кеткен шығынын кәсіпкерлер тауар бағасына үстеме қосып шығарып алуға тырысады. Міне, бірінші кезекте баға осылай шарықтайды.  Екіншіден, мемлекеттік монополиялардың аздығы. Бұл ретте бірінші мұнай нарығының жекеменшік монополияға тәуелдігі ойлантуы тиіс. Мұнай өнімдерін сатудың жекелеген топтарға мүдделі болуы. Олардың бір-бірімен текетіресіп, бәсекелестерін болдырмау үшін нарықтан орын бермеуі бізде әбден өршіген.  Үшіншіден,  тендердегі заңсыздық. Мемлекеттік ведмоствалық кәсіпорындардың астыртын монополия құруы. Тендерді тамыр-таныстық жайлаған. Бұл да нарықтық экономиканың заңына қайшы дүние.

 «Міне ең алдымен осы мәселелер нақты шешілмесе енді қымбатшылықты ауыздықтау да, экономиканы жандандыру да, нақты секторларды дамыту да қиынға түседі. Сондықтан үкімет осы мәселердің салдарымен сауатты күресу керек» дейді сала мамандары...

Тегтер: