Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:00, 30 Мамыр 2023

Халықаралық волонтерлар форумының делегаттары анықталды

None
None

Қазақстанда волонтерлік саласы мақсатты және жүйелі түрде дамып келеді. Бұл бағытқа мемлекет үлкен көңіл бөлуде.

Мәселен, 2020 жыл Еріктілер жылы деп жариялған болатын, бұл біздің елімізде волонтерлік қызметтің дамуына күшті серпін берді. Қазақстанның волонтерлік қызметті мемелекеттік деңгейде қолдау туралы бастамасы сол кезде басталған індетті ескерер болса, дәл уақтылы әрі маңызды болды деп айта аламыз.

Осы мақсатта, биыл 20 және 21 маусымда Астана қаласындда өтетін Халықаралық еріктілер форумына әр облыстан 4 делегат аттанады. Бұл тізімді Ақпарат және әлеуметтік даму министрі жариялады. Еріктілермен кездесуде Дархан Қыдырәлі форумның басты мақсаты – Халықаралық еріктілерді жұмылдыру жылын өткізу бастамасын насихаттау екенін атап өтті.

Бұл туралы Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында мәлімдеді. Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

— Қазақстанда волонтерлік қозғалыс белсенді дамып келеді. Бүгінде елімізде 200 мыңнан астам ерікті бар. Алдағы форум аясында Орталық Азиядағы барлық волонтерлерді тартатын орынға айналатын волонтерлік хаб ашылады. Сондай-ақ форумға көптеген шетелдік еріктілер қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға және басқа да қайырымдылық шараларына қатысқандар, — дейді.

Өткен жылы өткен аталмыш форумда 700-ге жуық қазақстандық еріктілер арнайы марапаттарға ие болды. Бұл дәрігерлермен бірге коронавируспен күресудің басы-қасында болып, қарттарға, аз қамтылғандарға, денсаулығы шектелген адамдарға ақшалай, сыйлықтармен, үй шаруасымен көмектескен еріктілер. Қоғамдық қор директоры Захира Бегалиева:

— Форум – біліммен, ішкі энергиямен бөлісетін бірегей алаң. Айналада қаншама адам бар, соның бәрі жақсылық жасауда. Сіз мұнда өзіңізді еркін сезінесіз. Біздің елдер арасында, аймақтар арасында, жаңадан бастаушы мен ересек волонтер арасында алмасу өте құнды тәжірибе. Ал бұл желіні құру біз үшін даму үшін өте маңызды, – дейді

Қазақстанда волонтерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Еріктілер еліміздің жоғары оқу орындарына түсуде және мемлекеттік қызметке орналасуда өзіндік басымдықтарға ие бола алады.

Тегтер: