Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:31, 28 Желтоқсан 2020

Халықты ауыл асырайтын болады

None
None

Жалпы, қазір нақты тағы бір әлемдік дағдарыстың келе жатқанын, бұл дағдарыстың кемі 5-7 жылға созылатынын мамандар жиі айтады.

Сарапшылардың байыптауынша, бұл дағдарыстан ұтып шығатын елдер де бар, ұтылып шығатын елдер де бар. Бастысы — дағдарысқа қарсы сақтық шаралары сауатты түзілуі керек. Осы арада біз мамандармен пікірлесе отырып, «Қазақстан қайтсе дағдарыстан ұтып шығады, мұндай жағдайда қандай тиімді қадамдарға бару керек» деген сауалға жауап іздедік?

Негізінен, мамандардың пайымынша,  алдағы уақытта Үкімет біреулердің жекелеген бизнесін ғана қолдауды доғару керек. Бұлай деуге себеп, осы пандемия басталғалы Үкімет елдегі бизнесті қолдау мақсатында бірқатар шешімдер қабылдады. Банктерден арзан несие беру, несиені кешіру, салықты төмендету тәрізді жеңілдіктерді бізде бірінші кезекте қарапайым шаруа немесе өз күшімен адал ақы маңдай тер тауып жатқан кәсіпкер емес, қолдаушысы бар «элиталы бизнестің» алып жатқаны туралы деректер де кезедеседі. Осыған байланысты сала мамандары «болашақта жекелеген бизнестен бөлек   ғылымға бөлген абзал»,-деп отыр. .Бұл әлеуметтанушы маман, Мақсат Бекмұхамет былай дейді:

— Қазір нанотехнологияның дамыған заманы. Мұнайдың орнын алмастыратын заттар да көбейді. Қазір дамыған әлем елдерінің басым бөлігі көмір мен ағашты химиялық синтездеуден өткізіп мұнай жасауды ойластырып отыр. Тіпті осылай жұмыс жасап отырған елдер де бар. Демек келешекте мұнай бағамының төмендеуіне негіз бар. Сондықтан бір ғана мұнайға байланған экономика құрудың дұрыс еместігіне ендігі көзіміз жеткіздік. Демек, біз үшін қазірде маңыздысы инновацияға, ғылымға бет бұру. Отандық өнім өндіру саласына ден қою. Қазақстанның өзін-өзі қамтитын деңгейін артту маңызды болмақ. Осылай еткенде ғана Қазақстан бұл дағдарыстан ұтып шыға алады.

 Жалпы, мамандардың байыптауынша, болашақта АҚШ, Қытай тәрізді алпауыт елдердің өзі мұнай бағасын түсіруге ықыласты болады. Себебі, ғылымы дамыған елдердің дені мұнайдан күнделікті тұтынатын заттардың барлығын алып жатыр. Киім-кешектен бастап, кір жуатын сабын, жазатын үстеліміз, қолданатын қаламсабымызға дейін бірқатар елдер мұнайды химиялық синтездеу арқылы алады. «Осыдан барып Қытай мен АҚШ-тың өзі мұнай бағасын түсіруге барын салады» деді мамандар. Сондықтан сарапшылардың ойынша, біз үшін шикі мұнайды сата бергеннен гөрі, индустриалды-инновацияға бет бұру маңызды.

Ал ендігі бір мамандардың пайымынша, оы жағдайды пайдаланып елдегі агро-саясатты нақтылау қажет. Олардың айтуынша, біз үшін қазір агро-секторды бәскеге қабілетті ету өте маңызды. Бұл ретте экономист-ғалым, Сағындық Сейтмағанбетов:  

— Болашақта  халықты ауыл асырайтын болады. Біз 1998 жылдары жекешелендіру кезінде мұны толық ұғына алмадық. Сол кезде шаруаның қолына жеке-жеке мал бердік те «өз күніңді өзің көр» дедік. Ал сол кезден бастап ауылдың бизнесті өркендету қабілетін арттырғанымызда қазіргідей абдырап қалмайтын едік. Ауылдық жерлерде шағын кластерлер жасақтау, сол кластерлер арқылы дайын өнім өндіруге дейін қол жеткізу бізді дер кезінде қызықтырмады. Алғаш жекешелендіру тұсында шаруаның қолына мал беріп тұрып, «ертең сен осы малды етке өткізесің, сол арқылы елдегі ет комбинаттарын етпен қамтамасыз етесің, олар өнім шығарады» деп бағыттағанда қазір жағдайымыз анағұрлым жақсы болар еді. Рас, елде ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында бірқатар компаниялар, холдигтер құрылды. Бірақ олардың барлығы дайын өнімге дейін ең соңғы дайын өнім өндіруге дейін жұмыс істемеді. Ауылдарға арзан несие жүйесін апара алмадық. Ауылға салалық банктер бармады. Ендігі кезекте осы жайттарды шешпесек, тек астықты экспорттаудан ұтпайтынымыз белгілі. Сондықтан болашақта дағдарыстан ұтып шыққымыз келсе агросаясатты жүйелі, сауатты ету керек,-деді.

         Байлыққа ие болу керек

Сондай-ақ мамандар нақ қазіргі қалыптасып отырған жағдайға сәйкес көршілес елдермен біріккен кәсіпорындардың акция пакетінің басым бөлігін Қазақстан жағында болуы тиістігін айтады. Мұндайда Қазақстан 60/40 ұстанымын ұстануы тиіс. Ашып айтқанда, біріккен кәсіпорындарда акция пакетінің 60 пайызы Қазақстандікі, қалған 30-40 пайызы келесі тараптікі болғаны абзал. Бұған қатысты Сағындық Сейітмағанбетов:

— Жалпы көршілес елдермен біріккен кәсіпорындар бізде көп. Мысалы, Ресеймен біріккен кәсіпорындар жұмысын алға бастыру барысында, сырттан инвесторлар тарту кезінде, шетелдік технологияға жүгіну кезінде акция пакетінің басым бөлігін өзіміз алғанымыз жөн. Мұнай кеніштерінде, алтын және уран өндіруде шетелдік инвесторлар жұмыс істейді. Шағын бизнестегі, ауыл шаруашылығындағы жалпы дайын өнім өндірудегі қадамдарымызды нық әрі сенімді ету үшін отандық үлесті көбейту керек. Қазақстан байлығына ие болу керек. Бізді қандайда бір дағдарыстан алып шығатын — отандық бренд. Ендеше бұл арада ұтып шығу үшін отандық ішкі секторларға құрылымдық жан бітірген абзал,-деп ой түйіндеді.

Тегтер: