Халықты сүлікше сорған банктерді билік қашанғы өбектейді?!

Ресей президенті Владимир Путин елдің есіналған пандемияға байланысты «Ресей банктері халықтың кредитін алты айға дейінкешірсін» деген қаулы қабылдады.
Іле-шала Ресейдің Орталық банкі мұны іліпәкетіп, Ресейдегі екінші деңгейлі банктерге осы қаулыны орындауды міндеттеді. Италияда өз тұрғындарының ипотекалық кредиттерін, авто-несие, тұтыну несиесін кешірді.Тіпті Италия президенті Серджо Маттерел «Италияның мемлекеттікқоры өз азаматтарына жалақы мен коммуналдық қызметтерді төлейтін болады, адамдардыңбанктер алдындағы қарызы алынып тасталады» деп қаулы шығарды.
Дамып кеткен Италияны мысал етпей-ақ қоялық, іргеміздегі Өзбекстанқарапайым халықтың несиесін үш айға кешіріп қана қойған жоқ, тұрғындарын табыссалығы, мүлік салығынан қоса босатып, мүгедектерге, жетім балаларды асыраушыларғажәне басқа әлеуметтік аз қамтылған топтарға 100 пайызға дейін өтемақы төлеуді17 наурыздан бастап кетті.
Ал біз қайттік?! Бұл ретте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке қазақстандықтардыңнесиені төлеу мерзімін кейінге шегеру жайында тапсырма берді. «Төтенше жағдайкезінде айыппұл мен өсімпұл салмау жөніндегі шектеуден басқа, дағдарысқаұшыраған халықтың барлық несиелері бойынша негізгі қарызды төлеуді тоқтата тұруқажет», – деді мемлекет басшысы.
Міне, біздегі мәселе осы арадан шықты. Қазіргіуақытқа дейін халықты сүлікше сорған банктерге елдің несиесін үш айға кешіресалу оңайға соқпай тұр. Билік тарапынан нақты қаулы емес, тапсырма ғанаберілгеннен кейін бе, қайсыбір банктер төтеншежағдайда халықтың емес, өзінің жағдайын ойлап кетті. Бүгінде ел арасында«кейбір банктер кредитті үш айға кешіргенімен, төртінші айда алдыңғы үш айдыңнесиесін қоса төлетіп, барлық несиені мойныңнан сығып алады екен» дегенпікірлер қаулап жүр. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны» даусыз. Халықмұны бекерден-бекер айтпаса керек. Нақ осы сауалға жауап іздеп «Жас Алаштың»атынан бірнеше маманға сұрау салдық.
Банк секторының маманы, қаржыгер МаралТөртенованың айтуынша, бастапқыда банктерде мұндай ойдың болғаны рас. «Шыныменде, халықтың несиесін өсімпұлсыз, айыппұлсыз үш айға шегеру туралы тапсырмаберілген соң, кейбір банктер өзінің ішкі саясатына сәйкес «несиені үш айғакешіріп, одан соң төртінші айда барлығын қосып бір-ақ төлетсек» деп ойлады.Бірақ қазіргідей қиналып отырған жағдайда мұны көпшілік көтере алмаушы еді.Осыны ескерген Ұлттық банк 30 наурыздан бастап елдегі барлық банктерді қатаңбақылауға ала бастады. Сондықтан ендігі кезекте тұтынушыға төртінші айда барлықнесиені бірге қосып төлеуге міндеттеген банктер жазаланды», – дейді МаралТөртенова.
Маманның айтуынша, банктер енді тұтынушығамұндай талап қоя алмайды. Тек үш айға несиеге каникул береді де, төленбеген үшайды артынан несие мерзіміне қосып, ұзартып қосып береді. «Мысалы, сіз несиені 12 айға алсаңыз, төтенше жағдайда төлемеген үш айыңызесептеліп, несие төлеу мерзіміңіз 15 айға ұзартылады. Ешқандай айыппұлсыз,өсімсіз (пениясы) төлемеген айларыңызды артынан жаңа график жасап қосып береді.Өсімпұл жүрмейді», – дейді қаржыгер Марал Төртенова.
Маманның пайымынша, шындап келгенде бұләдістен қарапайым халық аса пайда көрмейді. Бұл арада банктер үш айдың кредитінтолық кешіріп, мүлде жоқ қылып жібермейді. Несиеге банктер өздері қосатын үстемеақыныда алып тастап, «негізгі соманы ғана төле» демейді. Төлемеген несиеңіз жиналыптұра береді. Сондықтан мұны банктердің халыққа жасаған шарапаты деуге тағыкелмейді. «Әрине, халық төртінші айда барлық несиені қосып, төрт айды бір-ақ төлемейді. Дегенмен үш ай үзілістен басқа,ешқандай жеңілдік көріп отырған жоқпыз. Сондықтан лажы болса, уақытымен төлеп,ертерек құтылғаныңыз өзіңізге жақсы», – дейді маман.
Бұған қатысты экономика ғылымының докторы, профессорӘрипа Сыздықова бұл арада банктерге талап қоя алмай отырған билікке сын екенінайтады. «Біздің биліктің банктерге сөзі осы уақытқа дейін өтпеді. Мәселен, 2004-05жылдары шетелдің қаржы институттары еліміздегі банктерге 2 пайызбен қарыз беребастады. Біздегі банктерсол 2 пайызбен алған қарыздарын халыққа 22-24-28 пайызбен несиеге берді.Осындай жауапсыз саясат жүргізу арқылы банктер 10-12 есе пайда көреміз депойлады. Міне, осылайша банктер саналы түрде халықты тонап келді», – дейді маман.
Жалпы, біз экономикаға бөлінетін қаржы 20 трлнтеңге болса, оның 16 трлн теңгесін халықты несиемен қамту, кәсіпкерлерге арзаннесие тарту, ипотекалық несие саласына дем беру, тағы басқа толып жатқансалаларға арзан несие беру деген мақсатпен банктерге береді екенбіз. Ал банктербұл арада қарапайым тұтынушылардың қалтасын қағып, осы уақытқа дейін үкіметтеналған қаржысын халыққа қымбат несие ретінде үлестіріп келді. «Мұны дереу доғарту керек. Үкімет кезіндеоларға қолдау көрсетті. Дағдарысқа кеткен банктерді демеу қаржыберіп, тығырықтан алып шықты. Енді билікхалықтың жайын ойласа елдегі банктерге тым құрығанда осы үш ай бойы «пайыздық үстеменіалып тастап, халыққа негізгі соманы ғана төлету туралы талап қоюы керек», – дейді экономист-ғалымӘрипа Сыздықова.
Жалпы, мамандар нақ осындай төтенше жағдайда банктердегісақтандыру қызметі бойынша алынатын төлемдерді жұмсау керегін де алға тартып отыр.
Бұл ретте қаржыгер Марал Төртенова: «Дамыған жәнедамушы елдерде несие тұтынушыға 2-3-4 пайызбен беріледі. Сондай-ақ несиеалушыға жазатайым жағдай болғанда сақтандыру компаниялары қарызын өтейді. Ал бізде банктер несиеаларда сақтандыру қызметін мәжбүрлеп тұрып тұтынушыға ұсынады. Ол үшін төлемалады. Ал осындай жағдайда неге сол сақтандыру қызметінеалынған қаржы (страховка) несиені төлеуге алынбайды?! Біздегі несиесаясаты халыққа емес, банкке ғана тиімді. Сондықтан келешекте банктерге қатыстыталапты күшейту керек», – дейді.
Расымен де, ойлапқарасақ, елдегі банктер кез келген тұтынушыны«тонап алып» қоя береді. Несие аламын десе, несиесінен комиссиялық төлемді бірұстайды, сақтандыру компаниясының қызметін бір ұстайды. Тұтынушыға негізгісоманы бермей, оны кемітіп беріп, тағы бір шөміштен қағады. Әрбір көрсеткеноперациялық қызметі үшін комиссия алады.Толып жатқан комиссия қызметінен көз ашпаймыз. Оның үстіне кейбір банктер«14-18 пайызбен несие береміз» деп халықты алдап өздеріне шақырып аладыда, несие келісімшартына қол қойылып, әбден іс тәмамдалған уақытта тұтынушыалданғанын біледі. Бұдан соң банктің заңы бойынша ол несиеден бас тартуға мүлдеболмайды. Осылайша біздің банктер заманға сай тонауды үйренген қарақшылартәрізді жұмыс істеуге әбден машықтанып алды.
Негізінде, банктерқысылтаяң кезде үкіметтен көмек сұрайды. Оларды демеу үшін үкімет талай мәртеқолдау қаржы бөлді. Бірақ елдегі екінші деңгейлі банктер осы уақытқа дейін халыққатиімді операциялар жасаған жоқ. Сондықтан болашақта банктерге халыққа тиімдіқызмет көрсетуге қатысты талапты төтесінен қойып, пайызды төмендетуге қатыстынақты талап ету керек. Егер халықтың жайын ойласа, билік өз пайдасынғана ойлайтын банктерді тезге салуы тиіс. Осы уақытқа дейін банктерді байдыңбаласындай еркелеттік, енді талап ететінкез келді. Біз үшін қазіргідей сын сәтте халықтың жағдайын ойлайтын қаржыинституттарының көбейгені керек болып тұр.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ