Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:29, 03 Қазан 2022

Халықтың амандығы бірінші орында тұруы тиіс

None
None

– Соңғы кездегі түрлі жағдайды көзіміз көріп, құлағымыз естіп отыр. Бастарына ауыртпалық түсіп, үмітсіз қалған қалған көрші халық – ресейліктер елімізге келіп жатыр.

Оларға түсіністікпен қараған абзал деп ойлаймын. Әр түрлі пікір айтылуда, даттап жатқандар да баршылық. Бірақ арандатқан адамдарға ере кетуге болмайды. Өткен ғасырда, Тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ халқы жүздеген ұлтты құшағына сыйғызып, ауызбіршілікте ғұмыр кешті. Тарихқа көз жүгіртсеңіз, оның айғағын бүкпесіз анық аңғаруға болады. Текті һәм дана халқымыздың бойына сіңген қасиетті жоғалтып алмаған абзал. Ресейліктер Қазақстанға бүлік салайық деген арамза ниетпен емес, қиындыққа тап болғаннан келді деп білемін. Әйтпесе, өз отанынан тектен тек жеріп, босып кетер ақымақ емес қой.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мұны қайталап айтуда. Келіп жатқандарға қамқор болуымыз керегін жеткізді. Шынында да, бұл маңызды жайт. Оларды төбемізге көтеріп, немесе тегін дүние таратып жатқан жоқпыз, жай қамқорлық көрсетсек жеткілікті. Тұтастық, ауызбіршілік жайлы жиі айтамыз. Ол үшін осындай кезеңдерде бүкіл ел ақылға салып, парасаттылық көрсеткені жөн. Бәрінен бұрын, бұл – адамгершілікке жататын әрекет. Әйтпесе не бір арандатушылар қай жерде де табылары хақ. Бірлікке иланбаған айналадағы елдердің хәлі не болып жатқанын біліп отырмыз. Халықтың, ел-жұрттың амандығы әр кез бірінші орында тұруы тиіс.

Тегтер: