Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өткен апта біздің қоғам үшін қайшылықтармен қарсылықтарға толы болды. Қалыптасқан жағдайға қарай, Мамин үкіметініңшаңын қаққан пікірлер қаулап, бұқара қауым біраз нәрсені даулап, даурықты дақалды.
Қазір үкіметтің біраз бастамасынақатысты базына айтқандардың қатары көбейіп тұр. Ендеше, елдің көңілін күптіеткен осы жайттарды електен өткізіп көрсек.
Халықтыелеңдеткісі келді ме, әлде өзіміздегі емдеу мекемелері жыл соңына дейін тынысалу аппараттарымен толыққанды қамтылатынымен көпшіліктің көңілін орнынатүсіргісі келді ме, ол жағы беймәлім, әйтеуір, өткен аптада Алексей Цой басқарып отырған денсаулықсақтау министрлігі Тәжікстанға 100 тыныс алу аппаратын жеткізу туралы бастамакөтерді. Сол-ақ екен, министрліктің бұл мәлімдемесін сынаған пікірлер қаулапкетті. «Өзіміз қан түкіріп жатқанда өзгені жарылқау немізді алған» деп,бірқатар қоғам белсенділері қарсылық танытты, қарапайым көпшілік те қарсыпікірлерді қарша боратты.
Бұдан соң, еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігінің 42 500 теңгені қайта беру туралы бастамасы да қаттысынға ұшырады. Жыртыққа жамау даболмайтын осы қаражат төңірегіндегі дауәлі басылар емес. Бұған қатысты көпшілік арасында «Көшеде бетперде тақпайжүрсең, салынатын айыппұл – 42 500 теңге. Демек, біз осы қаражатты алып,сол айыппұлды төлейміз» деп келеке еткендер де болды.
Сондай-ақ дәрінің жетіспеушілігі, жолдыжауып, хит болған әкімнің әрекеті, дәріханаға барып кезек күткен Алматықаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «идеясы», «қалада дәрі жеткілікті, «дәріжоқ» деп жүргендер хайп қуғандар» деген әкім орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтыңқылығы, «енді пневмонияны да коронавирустың статистикасына қосамыз» депмәлімдеген министр Цойдың сөздері қоғамдағы сын пікірлерді біраз қыздырды.Үкімет пен әкімдер осылай деп жатқан тұста халық өз көңілін өзі жұбатқысы келдіме, әйтеуір, бұған қосымша серпінді ойлар да айтыла бастады. Әлеуметтік желідежалған болса да, елдің көңілін серпілтетін бірқатар жағымды «жаңалықтар» айтылабастады.
Мысалы, «Үкімет ер адамдар 61 жастан,әйелдер 57 жастан зейнетке шығатын қаулы шығарыпты» деген әлеуметтік желіарқылы тараған ақпарат біраз адамның көңілін сейілтті. Халық мұның жалған ақпарекенін біліп отырса да, желі арқылы біріне-бірі жолдап, «осыны неге талапетпейміз» деген пікірлер легін қыздырды. Бұдан соң, елдегі балалардың құқығын қорғаушыАружан Саин «42 500 теңге отбасындағы әр балаға берілуі керек» деп еді,нақ осы пікір біраз жұртқа майдай жақты. Көпбалалы аналардың 90 пайызы осыпікірді әлеуметтік желілерге жариялап, тіпті редакциямызға хабарласып, бұлбастаманы қолдауымызды сұрады. Әрине, БАҚ өкілі ретінде біз мұны қолдауынқолдаймыз-ау. Бірақ былтыр әр балаға 21мың теңгеден жәрдемақы төлеуді бюджеткесалмақ көрген үкімет бала басына биыл 42 500 теңгені қайдан төлей қойсын?!Өкінішке қарай, біздің биліктен мұндай жомарттық шыға қоймасы тағы белгілі. Тіпті«пандемияға орай, билік Алматы облысынан әр азаматқа 10 сотық тегін жер берубастамасын қайта көтеріпті» деген ақпараттар да бой көрсетті. Сірә, қарапайымхалық өткен аптада ел президентінің «Қазақстан жері шетелдіктерге сатылмайды»деген сөзін өзіне ыңғайлап, көңілі қажет ететін дүниесін осылай сұрап алғысыкелген тәрізді. Бұдан бөлек, ел арасында «1 тамыздан бастап МРТ, КТаппараттарына түсу медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін болады екен,бірқатар дәрілерді де тегін алуға болады» деген тәрізді аудиохабарламалар да тарап жатты. ТіптіАлматы қаласының тұрғыны Жанар Ерғалиева бізге хабарласып, осы ақпараттың ақ-қарасынанықтап беруімізді сұрады. Өкінішке қарай, қалалық қоғамдық денсаулық сақтаубасқармасын қоңыраулатып, ақпараттың мүлдем шындыққа жанаспайтынын ғана анықтайалдық.
Пайымдасақ, қазір халық тегін жер алуды,тегін медициналық көмекпен қамтылуды, зейнетке ерте шығуды, баласына қажеттіжәрдемақы алуды, бір сөзбен айтқанда, жақсы өмірді қатты қалайды-ақ. Бірақ әрсалаға реформа енгізіп, жұртшылықты жақсылыққа бастағыш министрлер мұндайғакелгенде үнсіз. Халықтың жайын ойлауы тиіс халық қалаулылары да осы мәселелердікөтеруге келгенде аса белсенді емес. Тіпті халықты қиындықта сүйеуі тиісшенеуніктердің қайсыбірі «жалқаусыңдар, «өкімет өлтірмейді» деген түсініктенарылыңдар, өз күніңді өзің көруге ұмтылыңдар» деген үндеуді жиі қолданыпжүр. Сонда халыққа қайтпек керек?! Елосылайша жақсы өмірді армандап, өз қиялынаөзі батып өмір сүре бере ме?! Біздің үкімет халықтың не қалайтынын біле ме екен,өзі?!
Тақырыпқатұздық
Халықты жұмыссыз қалдырмаудың амалдарынойластыру керек
Тақырыпқа орай, бізге пікір білдірген экономист-сарапшы Дәурен АРЫН былай деді:
– Біз менсінбейтін, «жағдайы жоқ, ғылымыартта қалған» деп санайтын Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, нәрсізжерлерде тұратын жандарға жалақысына қоса, үстеме төлемақы төленеді. Бұл үрдісҮндістанда да жүзеге асып отыр. Қазір қазаққа қойылатын басты айыптардың бірі –жалқаулық дейді. Мұнымен келіспеймін. Өмір сүруге қолайсыз аймақта тұрып жатқанхалықты жалқау деуге болмайды. Құзырлы орындар бұл мәселені мықтап ойластырып,халық алдындағы борышын ұмытпауы керек. Ішкі миграция мәселесін оңтайлы қарастырып,шөл және шөлейт аймақта тұратын, қолайсыз ауылдарды мекен еткен халыққа жұмысістейтін орындар, өндірістер ашылуы керек. Халықты болашағы бар елді мекендергеауыстыру ісін жеделдеткен жөн. Олай етпесек, 5-6 жылдан соң бұқараның жұмыссызқалуы үдейді. Мемлекет әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларға,әлеуметтік аз қамтылған топтарға нақты жағдай жасауы керек. Бізде қазірқазақтың кедейлігін «жалқаулығынан» дейтіндер көбейді. Алдына жағдайын айтыпбарса, «еңбектену керек» деп көсемситіндер көп. Елде жұмыс орындары жоқ болса,жаңадан ашылған өндіріс орындары азайып жатса, олар қалай еңбектенеді? Осыжағын ойластырмасақ, ертең жағдайы өте төмен халықтың саны артып,экономикамыздың дамуы кешеуілдейді. Сондықтан басты назарға осы жайттарды алукерек. Қазіргідей алмағайып кезеңде халықты жұмыссыз қалдырмаудың барлық амалынқарастырған жөн.
ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ