Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:53, 20 Ақпан 2025

Хамас Израильге кепілге алынған тағы төрт адамның денесін тапсырды

Изриал ХАМАС
Фото: Getty Images

Мәйіттері Израильге тапсырылған Хамастың қаза тапқан кепілгерлері Бибас отбасының анасы мен кішкентай балалары, сондай-ақ Одед Лифшиц есімді қарт адам болуы мүмкін.

Еуроодақ пен АҚШ тарапынан лаңкестік ұйым деп танылған палестиналық Хамас ұйымы Қызыл Крест ұйымы арқылы Израиль қорғаныс күштері (IDF) мен елдің Шин Бет барлау қызметіне тағы төрт кепілге алынған адамның мәйіттері салынған табыттарды тапсырды. Бұл туралы Times of Israel интернет-басылымы бейсенбі, 20 ақпанда жазды, Әбу Кабир ұлттық сот-сараптамалық орталығы мәйіттердің жеке басын анықтаудың жан-жақты процесін жүргізетінін және оның өлім себебін де анықтайтынын хабарлады.

Кепілге алынғандардың мәйіттерінің Хамас ұйымынан алынғанын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі де ресми түрде растады. Олар жеке тұлға анықталғаннан кейін отбасыларға хабарланатынын айтып, қауесет таратпау арқылы кепілге алынғандардың туыстарының жеке өміріне құрметпен қарауға шақырды.

Кепілге алынғандар израильдік әйел Шири Бибас, оның балалары Ариэль мен Кфир Бибас және Одед Лифшиц есімді қарт адам деп болжануда. Барлығын палестиналық содырлар 2023 жылы 7 қазанда Хамастың Израильге жасаған ірі шабуылы кезінде Киббутц Нир Оз қаласындағы үйлерінен ұрлап кеткен. Ұрланған кезде Кфир небәрі 9 айлық, ал оның ағасы Ариэль төрт жаста еді.

Мәйіттерді анықтауға жіберілмес бұрын олар Израиль туына оралған жаңа табыттарға салынып, қысқа әскери аза тұту рәсімі өтеді, деп хабарлайды The Times of Israel.

Тегтер: