Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:41

ХАМАС Израильге тағы бір қаза тапқан тұтқынның мәйітін қайтарды

Хамас
Фото: topwar

ХАМАС ұйымы Израиль тарапына тағы бір қаза тапқан тұтқынның сүйегін тапсырды.

  Бұл туралы The Times of Israel басылымы хабарлады. Израиль армиясы (ЦАХАЛ) мәйітті сот-медициналық сараптамаға жіберді.

Хабарламаға сәйкес, ХАМАС өкілдері Газа секторының оңтүстігінде Қызыл Крест қызметкерлеріне табытты тапсырған. Қызыл Крест мамандары, әдеттегідей, бұл туралы Израиль армиясына хабар беріп, кейін табытты Израиль шекарасы арқылы өткізіп, әскери қызметкерлерге табыс еткен.

«Қаза тапқан тұтқынның сүйегі бар табыт Израиль мемлекетінің шекарасынан өтті және сот-медицина ұлттық институтына жеткізілді. Мұнда оның жеке басын анықтау рәсімі жүргізіледі», — делінген Израиль армиясының хабарламасында.

The Times of Israel дерегінше, мәйітті тану процесі екі күнге дейін созылуы мүмкін.

Израиль жағы табытты тексергеннен кейін оны ел туымен жауып, әскери раввин жетекшілік ететін қысқа рәсім өткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейінгі мәлімет бойынша, ХАМАС ұйымының қолында 16 тұтқынның мәйіті болған.
Осы соңғы қайтарудан кейін олардың саны 15-ке азайды.

Сонымен қатар, 10 қазан күні күшіне енген уақытша бітімнен бері Израильге жалпы 13 адамның сүйегі қайтарылған.

Израиль мен ХАМАС арасындағы шиеленіс кезінде ондаған бейбіт тұрғын мен сарбаз тұтқынға алынған. Олардың кейбірі тірі күйінде қайтарылса, басым бөлігі қаза тапқан.

Бүгінде ЦАХАЛ мен Қызыл Крест өкілдері қаза тапқандардың  сүйегін іздеу және қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.