Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:41

ХАМАС Израильге тағы бір тұтқынның сүйегін қайтарды – ол Таиланд азаматы болып шықты

Изриал ХАМАС
Фото: Getty Images

Палестиналық ХАМАС ұйымы сәрсенбі күні Израильге 2023 жылғы 7 қазанда ұрланған тағы бір мерт болған тұтқынның сүйегі салынған табытты тапсырды.

Израиль тарапы кейінірек бұл мәйіттің кімге тиесілі екенін анықтады: қаза тапқан – Таиланд азаматы Судтисак Ринталак.

ХАМАС бақылауындағы Газа секторында енді тек бір тұтқынның – Ран Гвилидің сүйегі ғана қалғаны хабарланды. Қалған барлық мәйіттер бұған дейінгі уақытша бітім келісімдеріне сәйкес Израильге берілген.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сәрсенбі күні болған ХАМАС шабуылы, оның салдарынан Газа аймағының оңтүстігінде төрт израильдік сарбаз жараланғанын, бітім режимін бұзу деп атады. Израиль әскері жауап ретінде соққы беріп, ХАМАС жауынгерлерінің бірін өлтіргенін хабарлады.

Еске салайық, ХАМАС 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жаппай шабуыл жасаған болатын. Сол кезде қозғалыс Израильге жүздеген ракета атқан, ел аумағына кіріп, шамамен 1200 адамды өлтірген, 250-ге жуық адамды тұтқынға алып, Газада ұстаған.

Кейіннен кепілдегілердің бір бөлігі айырбасталып немесе босатылды, тағы бір бөлігі қаза тапқаны хабарланған.

ХАМАС шабуылынан кейін Израиль ұйымға ресми түрде соғыс жариялады. ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше:

  • Газадағы операциялар мен бомбалау барысында 67 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан,

  • 169 мыңнан көбі жараланған.

Тегтер: