Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:30, 10 Қазан 2023

ХАМАС Израильмен келіссөз жүргізуге дайын - БАҚ

Хамас Израиль
Фото: Mohammed Salem / Reuters

7 қазанда Хамас Израильге бірнеше мың зымыран ұшырып, «Әл-Ақса тасқыны» операциясын бастады.Израиль премьер-министрі Нетаньяху елдің соғыс жағдайында екенін жариялап, ХАМАС ұйымын жоюға уәде берді.

Палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильмен бітімгершілік келісімін талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Сауд Арабиясының AlHadath телеарнасы хабарлады.

«Біз [ХАМАС өкілдері] Израильмен бейбіт келіссөздер жүргізуге ашықпыз», - делінген Палестина қозғалысының мәлімдемесінде.

Алайда Израиль үкіметінің дереккөздері бұл елдің ХАМАС-пен ешқандай келіссөз жүргізбейтінін хабарлады. Сондай-ақ келіссөздерге ресми Израиль емес, АҚШ пен басқа елдердің қатысуы мүмкін екені хабарланды.

Бұған дейін ХАМАС Израильдің Газа секторына ескертусіз соққы беруіне жауап ретінде кепілге алынғандарды өлім жазасына кесуді бастаймыз деп қорқытса, израильдік әскерилер кепілге алынғандарға қауіп төніп тұрғанына қарамастан Газа секторындағы ХАМАС позицияларына соққы беруді жалғастыратынын мәлімдеген.

7 қазанда ХАМАС Израильге бірнеше мың зымыран атып, «Әл-Ақса тасқыны» операциясының басталғанын жариялады. Осының аясында Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир 7 қазанда елде төтенше жағдай жариялады.

Израиль премьер-министрі Нетаньяху елдің соғыс жағдайында екенін жариялап, ХАМАС ұйымын жоюға уәде берді.