Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:40

Хамас кепілге алынған сегіз адамды босатты

1
Фото: Omar Al-Qattaa/AFP

ХАМАС кепілге алынған үш израильдік және бес Тайландтықты босатты. Израиль терроризм үшін сотталған 110 палестиналықты түрмеден босатады.

30 қаңтар, бейсенбі күні таңертең Хамас лаңкестік тобының содырлары Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия аймағындағы  кепілге алған сегіз адамды Қызыл Крест қызметкерлеріне тапсырды.

Бірінші болып 482 күн кепілде болған израильдік сарбаз Агам Бергер босатылды. Бергер содырлардың сүйемелдеуімен Қызыл Крест көлігіне дейін барды, содан кейін ол Израильдің арнайы күштеріне тапсырылды. Содан кейін Бергер ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден өтіп, ата-анасымен кездеседі.

Кейін Хамас тағы екі израильдік кепілді Қызыл Крест ұйымына тапсырды: Арбел Йехуд (ол да Германия азаматтығына ие) және 80 жастағы израильдік Гади Мозес.

Палестиналық «Исламдық жиһад» радикалды қозғалысының кепілінде отырған Арбел Йехуд ХАМАС пен Израиль арасындағы келісім шарттарына сәйкес 25 қаңтарда босатылуы керек еді. Бұл орын алмаған кезде Израиль палестиналықтарға Газаның оңтүстігінен солтүстігіне қарай босқындар үйлеріне қайтып келетін жол ашудан бас тартты. Алайда дүйсенбіге қараған түні Израиль премьер-министрінің кеңсесі алдағы уақытта Арбел Йехуд пен тағы екі кепілге алынғандарды босату туралы ақпарат алғанын, содан кейін 27 қаңтар күні таңертең ИД Газа тұрғындарының солтүстік бөлігіне оралуына рұқсат бергенін хабарлады. 

Тегтер: