ХАМАС-пен бітімге қарсы Израильдің үш министрі отставкаға кетті
Израильдің үш министрі, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Хамаспен келісімге наразылық білдіріп, отставкаға кетті.
Израильдің Газа секторындағы палестиналық ХАМАС тобымен бітімге келгеніне наразылық ретінде Израильдің үш министрі отставкаға кетті. Бұл туралы The Times of Israel басылымы үшеуі де өкілдері болып табылатын әсіре оңшыл "Оцма Йехудит" ("Еврей күші") партиясының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, Оцма Йехудит жетекшісі және Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир ХАМАС-пен келісімді "терроризмнің толық жеңісі" деп атап, премьер-министр Биньямин Нетаньяхуды "барлық идеологиялық қызыл сызықтарды кесіп өтті" деп айыптады. Бен-Гвир сондай-ақ мұндай келісім «болашақта кепілге алуға жағдай туғызатынын» айтты.
Бен-Гвирдің партияластары, мұрагерлік ісі бойынша министр Амихай Элияху, Ұлттық тұрақтылық министрі Ицхак Вассерлауф та отставкаға кетті. Сонымен қатар, "Оцма Йехудиттік" партиясы басқарушы коалициядан шығатынын мәлімдеді.
Атысты тоқтатуды Израиль үкіметінің тағы бір мүшесі, қаржы министрі және «Діни сионизм» партиясының жетекшісі Бецалель Смотрич сынға алды. Дегенмен, Нетаньяху мен Бен-Гвирмен кездесуінен кейін Смотрих үкіметтен әзірге кетпеуге уәде бергені, бірақ үкімет атысты тоқтатудың бірінші кезеңінен екінші кезеңге өтуге шешім қабылдаса, коалициядан шығамын деген. Бецалель Смотричтің кетуі елде мерзімінен бұрын сайлауға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды израильдік БАҚ.
Израиль 90 палестиналық тұтқынды босатты
Израиль Газа секторындағы ХАМАС қозғалысымен атысты тоқтату келісімі аясында 90 палестиналық тұтқынды түрмеден босатты. Олар елдегі түрлі түрмелерден Иерусалимге жақын орналасқан Офер түрмесіне ауыстырылды. Офер түрмесінде олар бостандыққа шығар алдында қауіпсіздік және жеке басын тексеру, сондай-ақ медициналық тексеруден өтті.
Ynet сайтының хабарлауынша, тізімдегі тұтқындардың көпшілігі әйелдер, ал тұтқындалған кезде 18 жасқа толмаған тізімдегі бір ғана тұтқын адам өлтіргені үшін сотталған.
Қызыл Крест автобустары 78 тұтқынды бостандыққа шығар алдында Батыс жағалаудағы Битунья өткеліне жеткізді, ал Израиль полициясы 12 тұтқынның Шығыс Иерусалимге жеткізілуін қадағалауы керек еді.
Бұған дейін израильдік БАҚ израильдік шенеунікке сілтеме жасап, Қызыл Крест палестиналық тұтқындарды тасымалдауда қиындықтар туғызып жатқанын хабарлаған.