Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:45

Хаменеи қаза тапқаннан кейін Иранды уақытша кім басқарады

Хаменеи
Фото: irna.ir

Сенбі күні АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы салдарынан Иранның әскери ведомстволарының басшылары да қаза тапты.

Бұған дейін Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі елдің Жоғарғы көшбасшысы аятолла Хаменеи қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ сенбідегі АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы нәтижесінде Қорғаныс кеңесінің хатшысы адмирал Әли Шамхани және Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) бас қолбасшысы, генерал-майор Мұхаммад Пакпурдың қаза тапқаны белгілі болды.

Иран Жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі Мұхаммад Мохбердің мәлімдеуінше, революция жетекшісі қаза тапқаннан кейінгі өтпелі кезеңде ел жауапкершілігін президент, сот билігінің басшысы және Сақшылар кеңесінің бір факихі өз мойнына алады.

Еске салайық, Иран үкіметі аятолла Хаменеи қайтыс болуына байланысты 40 күндік жалпыхалықтық аза тұту жариялап, жеті күнді мемлекеттік демалыс күні деп бекітті.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқанын жазған еді.

Оған дейін де Жоғарғы көшбасшының жойылғаны туралы хабарлар израильдік шенеуніктерге сілтеме жасай отырып тараған.

Сенбі күнгі Иранға жасалған шабуылдар салдарынан 201 адам қаза тапты.