Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:45

Хаменеи мен Пезешкианға қастандық жасалды - БАҚ

Али Хаменеи
Фото: ЖИ / Жас Алаш

Израильдік дереккөздердің хабарлауынша, Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи мен президент Масуд Пезешкианға қастандық жасалған. 

Алайда оның нақты нәтижесі әзірге белгісіз. Мәліметке сәйкес, Хаменеи алдын ала Тегераннан қауіпсіз жерге шығарылған.

Ирандық дереккөздер бірнеше жоғары лауазымды КСИР (Ислам революциясы сақшылар корпусы) қолбасшылары мен саясаткерлердің өлтірілгенін хабарлады.

Израиль тарапының бағалауынша, КСИР қолбасшысы Мохаммед Пакпурдің көзі жойылған. Алайда қазіргі сәтке дейін бұл ақпараттарды Иранның ресми органдары растаған жоқ.