Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:55

Хаменеидің әйелі қаза тапты

Мансура Ходжасте
Фото: Getty images

79 жастағы Мансура Ходжасте да АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған бірлескен соққысы салдарынан жараланған еді.

Иранның қаза тапқан жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің жұбайы Мансура Ходжасте  жараланғаннан кейін бірнеше күн өткен соң көз жұмды, деп жазды Al Alam. Ол соңғы бірнеше күн бойы кома жағдайында болған.

79 жастағы Мансура Ходжасте АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған бірлескен әуе соққысы кезінде жарақат алған. Ол 1947 жылы кәсіпкер отбасында дүниеге келген, 1964 жылы Хаменеиге тұрмысқа шыққан. Сонымен қатар, ол Иранның мемлекеттік телерадио компаниясы (IRIB) директорының бұрынғы орынбасары Хасан Ходжастенің туған қарындасы болған. Мансура Ходжасте көпшілік назарынан тыс өмір сүрген.

Әли Хаменеи 2026 жылғы 28 ақпанда жарияланған АҚШ пен Израильдің бірлескен операциясы салдарынан қаза тапты.

Иран үкіметі 40 күндік ұлттық аза жариялап, ел тұрғындарына жеті күн демалыс берді. Иран президенті Масуд Пезешкиан жоғарғы көсемнің өлтірілуін «сұмдық қылмыс» деп атап, кек алынатынын мәлімдеді.

Әуе соққысы салдарынан Хаменеимен бірге оның қызы, келіні және күйеу баласы да қаза тапқаны хабарланды. Алайда олардың нақты есімдері ресми түрде жарияланған жоқ. Хаменетдің  алты баласы — төрт ұл, екі қызы және жеті немересі болған.