Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:17

Харьков облысына Ресей шабуылдады: төрт адам қаза тапты

1
Фото: ашық дереккөз

Харьков облысына Ресей шабуылдап төрт адам қаза тапты, кем дегенде 10 адам жараланды.

Кеше түнде ресейлік күштер Харьков облысындағы Балаклия қаласын атқылады. Жергілікті әскери әкімшілік басшысы Виталий Карабановтың айтуынша, қалаға екі зымыран түсіп, кем дегенде үш адам қаза тауып, кем дегенде 10 адам жараланған. Карабанов қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ, Харьков облысында ресейлік дрон Великий Бурлук ауылына шабуыл жасады. Бір адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жараланды. Соққы жеке үйлер мен коммерциялық ғимараттарға зиян келтірді.

Айта кетейік, кейінгі уақытта Ресей Украинаға шабуыл үдеткен.  Украиналық OSINT-жоба DeepState мәліметінше, қарашаның алғашқы аптасында Ресей әскері Украина аумағында 134 шаршы шақырым жерді басып алған. Бұл қазан айындағы көрсеткіштен екі есе көп.

Немістің Bild басылымының әскери шолушысы Юлиан Рёпке жариялаған мақалада қараша айында Украина жерінің біраз бөлігінен айрылуы мүмкін екені жазылған.

Рёпкенің айтуынша, жағдайды өзгерту үшін Украина немесе Батыс елдері стратегиялық ұстанымдарды қайта қарауы тиіс, әйтпесе Ресей «соғыс барысын біртіндеп өз пайдасына шешіп жатыр».

Покровск және Харьков бағытындағы алға жылжу

Telegram-арна «Агентство. Новости» де DeepState деректеріне сүйене отырып, Ресей армиясының оңтүстік, Покровск және Харьков бағыттарында айтарлықтай жылжығанын жазады.

10-14 қараша аралығындағы көрсеткіш:

  • 72 км² – Запорожье, Херсон және Днепропетровск бағытындағы оңтүстік фронтта;
  • 42 км² – Покровск маңында;
  • 19 км² – Харьков облысының шығысында.

Бұл да қазан айымен салыстырғанда екі еседен көп көрсеткіш.

Тегтер: