Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:12, 23 Шілде 2024

Харрис бір күнде сайлау науқанына 81 миллион доллар жинады

р
Фото: AP Photo / Matt Rourke

АҚШ вице-президенті Камала Харрис АҚШ президенті Джо Байден жарыстан шығатынын жариялағаннан кейін 24 сағат ішінде Демократиялық партия демеушілерінен рекордтық соманы жинады. 

«Харрис командасы алғашқы 24 сағатта 81 миллион доллар жинады», - делінген AFP хабарламасында.

Олардың айтуынша, бұл президенттік науқандар тарихындағы бір күнде жиналған ең көп сома. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде 888 мыңнан астам шағын донор үлес қосқаны хабарланды.

Жексенбіде Байденнің президент сайлауынан бас тартқан мәлімдемесінен кейін, Гарридің сайлау науқанына ақша аудару көрсеткіші бірден өскен. 

ActBlue фандрейзинг платформасының хабарлауынша, алғашқы бес сағатта 27,5 миллион доллардан астам қаражат жиналса, бірнеше сағаттан кейін бұл сома 46,7 миллионға дейін өскен.

Тегтер: