Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:51

Хасан Касымбаевқа қатысты іс прокуратураға түсті

 Хасан Қасымбаев
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық топ жетекшісі деп айтылып жүрген Хасан Касымбаевқа қатысты істі зерделеуге кірісті.  

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, полиция департаменті Хасан Касымбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, материалдарды айыптау актісімен бірге прокуратураға жолдаған. Қазір қадағалаушы орган істің процессуалдық шешімдерінің заңдылығын тексеріп жатыр.

2025 жылғы 21 шілдеде қылмыстық істің материалдары айыптау актісімен бірге облыстық прокуратураға түсті. Прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабына сәйкес процессуалдық шешімнің заңдылығын зерделеп, тиісті шешім қабылдайды, – деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар, тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді.

Айта кетейік, 2024 жылғы 4 қарашада Хасан Касымбаев қамауға алынды. Бұған Талғар қаласында 2021 жылдың 17 маусымында аралас жекпе-жек шебері әрі бапкер Арман Алимовты ұрлап, аяусыз соққыға жыққаны туралы Алимовтың анасының шағымы себеп болған.

«Хутор» тобы алғаш рет елге 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іске байланысты белгілі болған. Жасөспірімді қатыгездікпен өлтірген күдіктілер дәл осы қылмыстық топпен байланыста болғаны айтылады. Бұл топтың басында Хасан Қасымбаев тұр деген болжам БАҚ беттерінде жазылды.