Хасан Қасымбаевтың біреуді соққыға жыққан видеосы тарады
Талғарда «Хутор» бригадасының басшысы атанған Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды. Қасымбаевтың 2021 жылы жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, ұрып-соғу ісіне қатысы болуы мүмкін.
2021 жылдың маусым айында Талғарда бір адамды ұрып-соғып, ұрлаған оқиға видеоға түсіп қалған. Сипаттамада соққыға жығылған жігіттің спортшы және жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені айтылған.
Жәбірленушінің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді: алдымен оны өнеркәсіптік кешен аймағындағы Виктория шағын маркетінің алдында ұрып-соққан, содан кейін ес-түссіз күйде оны ауыл маңындағы «каналдың» арғы жағына алып кеткен. Кеңдала ауылында ол қайтадан соққыға жығылған. Одан кейін ауыр халде Талғар орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, содан кейін қысым көрсетпеу үшін Алматы қаласындағы медициналық мекемеге ауыстырылды.
Кейін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бес күдікті ұсталып, сотталды. Қазір олар жазасын түрмеде өтеуде.
2021 жылдың желтоқсанында полиция Талғарда ММА боксшысын соққыға жыққан іс бойынша төртінші айыпталушыны іздеп жатқаны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты оқиғада аты аталған Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны белгілі болған еді.