Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:00

 Хасан Қасымбаевтың ісі апелляцияда қайта қаралады

Қасымбаев
Фото: БАҚ

Адам ұрлау, аса қатыгездікпен ұрып-соғу және бопсалау баптары бойынша сотталған Хасан Қасымбаев үкімге апелляциялық шағым түсірді.

Қылмыстық істің материалдары Алматы облыстық сотына жолданды.

Хасан Қасымбаевтың есімі "ОПГ"-ге қатысты аталып келген. Оны «Хуторские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ретінде сипаттап, көше зорлығы мен рэкетпен байланыстырғандар көп болды.

Алайда ресми органдар, соның ішінде Ішкі істер министрлігі, бірнеше рет мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтың жоқ екенін, ал Қасымбаевтың қылмыстық авторитет ретінде танылмайтынын мәлімдеген.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қараша айында Хасан Қасымбаев ММА бағытындағы спортшыны ұрлап, аяусыз соққыға жығып, одан ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған.

Құқық қорғау органдарының нұсқасына сәйкес, ол бұл әрекеттерді жалғыз өзі емес, бірнеше адаммен бірігіп жасаған. Іс бойынша оған қоса тағы бес адам айыпталған.

12 жылдық үкім және апелляция

2024 жылғы қарашада сот Хасан Қасымбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда қорғау тарапы бұл шешіммен келіспей, оны қайта қарауды талап етті.

Апелляциялық шағым 13 қаңтарда ресми түрде тіркеліп, іс Алматы облыстық сотының қарауына берілді. Алдағы уақытта апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың үкімі заңды әрі негізді ме, жоқ па — соны бағалайды.