Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:12

Хасан Қасымбаевтың жұбайы әділ шешім шықпаса өзін өртеймін деп мәлімдеді

Қасымбаев
Фото: БАҚ

Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процессаі жалғасып жатыр. Бүгін үкім шығады. Жұбайы әділ шешім шықпаса өзін өртейтінін мәлімдеді.

«Күйеуімнің еш кінәсі жоқ. Они үйде үш баласы күтіп отыр. Егер әділ шешім шығармаса, дәл осы жерде өзімді өртеймін», - деді Қасымбаевтың жұбайы Зульфия Қасымбаева.


Еске салайық, 2021 жылы Қасымбаевтың нұсқауымен ониң адамдар тобы ММА жаттықтырушысы Арман Алимовты ұрып-соғып, көлікке күштеп отырғызып әкеткен. Жолда және ашық далада они бірнеше рет соққыға жыққан.

Айта кетейік, Қасымбаевтың есімі Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін белгілі болды.

Содан кейін жұртшылық Қасымбаев жетекшілік етеді деген «Хутор» деген қылмыстық топ туралы айта бастады. Х. Қасымбаев туралы Jas Alash youtube арнаcына сұхбат берген Шерзаттың әкесі де айтты. Алайда полиция мұндай топтың бар екенін ресми түрде жоққа шығарды.

Осыған қарамастан, оның үстінен тергеу басталды.