Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:43

Хайфадағы лаңкестік әрекеттен бір адам қаза тапты

1
Фото: Jack Guez/AFP

Дүйсенбі, наурыздың 3-і күні Израильдің Хайфа портында белгісіз біреу аялдамада өтіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуыл жасады. Салдарынан шамамен 70 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды The Times of Israel интернет-басылымы. Тағы төрт адам жарақат алды. Полиция бұл шабуылды лаңкестік әрекет деп бағалап отыр. Оның айтуынша, шабуыл жасаған адам қайғылы оқиға орнында «зарарсыздандырылған».

Маген Дэвид Адом құтқару қызметінің мәліметінше, шабуыл құрбандары арасында жасөспірім бала, 30 жастағы ер адам және әйел бар. Олар ауыр жарақат алды. 70 жастағы тағы бір әйелдің жағдайы орташа ауыр. Жараланғандардың барлығы Хайфаның солтүстігіндегі Рамбам медициналық орталығының ауруханасына жеткізілді, деп жазады The Times of Israel.

Қауіпсіздік қызметтері шабуылдаушыны анықтау үшін шаралар қабылдап жатыр. Бастапқы мәлімет бойынша, ол Израиль азаматы болған.

Бұған дейін БАҚ екі шабуылдаушы болғанын, екінші адамның оқ жаудырғанын, бірақ полицейлердің де «зарарсыздандырғанын» хабарлаған. Ал, The Times of Israel басылымының жазуынша, полицейлер атқан екінші адамның қылмыскер болған-болмағанын әзірге нақты айту мүмкін емес.

Тегтер: