Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:40

Хиджабқа тыйым салынбайды - ІІМ

хиджаб
Фото: из открытых источников

Қазақстанда бет-жүзді толық жабатын киімдерге қатысты заңға түсініктеме берілді. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, хиджаб секілді бет ашық тұратын діни киімдер бұл шектеуге жатпайды.

– Бет-жүзді толығымен жауып, визуалды тануға, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию заң бұзушылық болып саналады. Ал бетті жаппайтын діни киімдер (хиджаб, шейла, химар, әл-амира және басқа да ұқсас элементтер) бұл нормаға кірмейді, - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, жақында Өзбекстанда дін қызметкерлерінің әйелдеріне хиджаб орнына ұлттық орамал тағу міндеттелді.

Егер талап орындалмаса, күйеулері қызметінен босатылатыны ескертілген. 

Жиналыста жергілікті билік өкілдері «елде бет-жүзді жапқан киімге тыйым салынғанын» түсіндірген. Ресми түрде заң хиджабқа шектеу қоймайды, алайда Наманғанда әйелдерге «Құранда хиджаб тағу міндет емес» деген уәж айтылған.

Тегтер: