Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:14, 19 Қараша 2024

ХҚТС Украина траншеяларында тыйым салынған CS газының іздерін тапты

Газ
Фото: РИА Новости/Михаил Воскресенский

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының сарапшылары Днепропетровск облысындағы ұрыс аймағында траншеялардан алынған сынамалардан көзден жас ағызатын газдың іздерін тапты.

 Бұл туралы халықаралық ұйым хабарлады.

Ильинка ауылының маңында CS (хлоробензалмалондинитрил газы) деп аталатын және соғыста қолдануға тыйым салынған газдың іздері Украина ұсынған үш үлгіде де табылды, деп ххабарлайды ХҚТС. Екі тәуелсіз зертхана жүргізген сараптама қорытындысына сәйкес, оның іздері окоптан табылған гранатадан да, топырақтан да табылған.

Украина Ресей әскерлерінің көзден жас ағызатын газ қолдануына байланысты оқиға 2024 жылдың 20 қыркүйегінде орын алғанын айтып, ХҚТС-тен көмек сұрады. Ұйым мәлімдемесіне сәйкес, оқиға орнына жіберілген сарапшылар тобының міндеті «улы химикатты шығару көзін немесе шығу тегін анықтау» емес.

Журналистер Украинада 78 мың ресейлік сарбаздың қаза тапқанын растады

Ресейдің Украинаға шабуылы басталғалы бері соғыста кем дегенде 78 329 ресейлік сарбаз қаза тапты. Бұл санды 15 қарашада ВВС ресейлік қызметі жариялады, ол Mediazona және еріктілер тобымен бірге ашық деректер негізінде қаза тапқан ресейліктердің санын санап жатыр.

Бұл тізімге тек қайтыс болғаны туралы жария болған ресейлік әскерилер ғана кіреді.

«Қазіргі уақытта ресейлік зираттар, соғыс ескерткіштері мен некрологтар туралы біздің талдауымыз қаза тапқандардың нақты санының 45-65 пайызын қамтуы мүмкін», - деп жазады басылым авторлары.