Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:10

Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев парамен ұсталды

Сағындық Шабықбаев
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Шабықбаевқа екі ай мерзімге қамауға алу санкциясы берілді.

«Тергеудің басқа мәліметтері әзірше жарияланбайды», - деді сот өкілдері. 

Қай бап бойынша тергеліп жатқаны нақты көрсетілмеді. Kazinform агенттігінің мәліметінше, әкім «пара алу» бабы бойынша күдікке ілінген.


Сағындық Шабықбаев 1985 жылы 24 шілдеде Қостанай облысының Қамысты ауылында дүниеге келген. 2018 жылдың тамызынан бастап Хромтау әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Екі жыл бұрын Хромтау қаласының әкімі ретінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен тағайындалды.