“Хутор” тобына қатысы бар деп айыпталған Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр

Талғарда “Хутор” тобына қатысы бар деп айыпталған Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр.
Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау баптары бойынша айып тағылған. Бұл іс бойынша Х. Қасымбаевпен бірге тағы бес адам жауапқа тартылған.
Сәрсенбі күнгі сот отырысында қорғау тарапы прокурор Назгүл Тәукенбайды істен шеттету жөнінде өтініш жасады. Олардың айтуынша, ол алғашқы инстанциядағы сот процесіне қатысқан. Судья бұл өтінішті қарау үшін үзіліс жариялады.
Айта кетейік, Қасымбаевтың есімі Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін белгілі болды.
Содан кейін жұртшылық Қасымбаев жетекшілік етеді деген «Хутор» деген қылмыстық топ туралы айта бастады. Х. Қасымбаев туралы Jas Alash youtube арнаcына сұхбат берген Шерзаттың әкесі де айтты. Алайда полиция мұндай топтың бар екенін ресми түрде жоққа шығарды.
Осыған қарамастан, оның үстінен тергеу басталды. Тергеу щілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау қорытындысын бекітіп, істі Талғар аудандық сотына жіберді.