Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:04, 26 Наурыз 2020

И мен у: қайтпек керек? Бірге ойланайық

Тілтанушылар арасында дау боп жүрген қазіргі «и» мен«дауысты у» әрпінің жаңа әліпбидегі таңбасы y және w әріптері болса, не болады?

Бірінші, бұлар дауыссыз дыбыстың таңбасы болғандықтаналдынан міндетті түрде дауысты дыбыс қосылып жазылады. Мысалы, й дыбысына жуанүндесімде ы, жіңішке үндесімде і, ал у дыбысына жуан үндесімде ұ (әлде ы?),жіңішке үндесімде ү (әлде і?) әрпі жазылады. Жазып көрейік. Түсінікті болу үшінкирилше жазамыз: жыйналыс, ыйық, ыйағный,кійім, ійірім, бій, ұуыс, сұуық, барұу, сыйынұу, кійінүу.

Екінші, бұл жалқы есімдерде де жазылады. Мысалы,Гүлмійра, Әлмійра, Сағыйдолла, Фаузыйа,Мырзағалый, Алдыйар,  

Шындап қарасақ, қазіргі дауысты у әрпі тұрған жерді ұу, үу деп, и әрпі тұрған жерді ый, ійдеп «ашып» жазғанда тұрған не бар? Қайта буынға бөлгенде ауытқымаймыз (қы-йын, тұ-уыс, кі-йім, ұ-уық), сөздіңтүбірін де оңай тауып аламыз (оқы-у-лық,тоқы-у-шы). Әріптер де мәтінде жаппай кездесіп жатқан жоқ. Бірақ гәп осындаекен.

Расымен, бұл әріптер қазақ мәтінінде қаншалықты жиікездесетініне қарап көрелік. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтышығарған «Қазақ сөзформа құрылымыныңжиілік сөздіктері» атты 2018 жылғы еңбекте қазақ мәтіндеріндегі и әрпініңкездесу жиілігі 24-орында екен, ол барлық мәтіндегі сөздердің 0,5673%-нда ғанакездеседі деген сөз. Бірақ сөз соңында 18-орынға көтеріледі, бұл барлық мәтіндегі сөздердің 0,4807%-ндажазылады деген сөз.

У әрпі тіпті 28-орында, яғни бар мәтіннің 0,2557%-нда ғанасөз басында (сол еңбекте, 17б) жазылады. Бірақ сөз соңында жиілейді, 10-орынға көтеріледі,Яғни барлық мәтіннің 2,7767%-нда у әрпі сөз соңында жазылып жүр екен(еңбекте,19б). Орташа мәлімет Жұбанов А., Жаңабекова А., Д.Тоқмырзаевтың «Қазақжазуын латын қарпіне көшірудің статистикалық негіздері» атты (2018 ж) еңбегіндекездеседі. Онда у әрпі жиіқолданылатын 19 әріптің қатарында тұр. Яғни мәтіннің 1,636%-нда кездеседіделінеді. Оның себебі у әрпі дауыссыздың (тау,уық, сауық), әрі ұу, үу тіркесінің (суыр,қу, сауу)де таңбасы болғандықтан. Және тұйық етістік жұрнағы немесе қимылесім жұрнағы қазіргі тілімізде белсенді болғандықтан. Мәтіннің 2,7767%-нда уәрпі сөз соңында жазылып жүргені сондықтан.  

Және аталған еңбекте түрленім қосымшаларының жилігіндеушы формасы 96 орында, мәтіннің 0,1111%-нда кездессе, уші формасы 111 орындамәтіннің 0,0593 %-н алады (142б), содан кейін 129 орында улі формасы 0,0231 %.Яғни у қимыл есімі және одан жасалған жұрнақтар соңғы уақытта «дауысты у»әрпінің жазылуын жиілетті. Дегенмен, қимыл есімнің қолданылуын есептемегенде,статистикалық мәлімет и мен у әрпі жазылатын сөздер жалпы жиі емес екенінкөрсетті.

Қазақ тілі орфографиялық сөздігінде (2013ж) 17 179 сөздеи әрпі жазылады делінген, мысалы, әлди,діни, абиыр, киіз, мәшине, тиеу, ғылыми, ине, ниет, тәрбие, диқан, қасиет, ию,жинау, киіну, ықтимал, имя, қияқ, қөиқу, дүние, қию, кәсіби деген сияқтысөздер. Олардың ішінде төл сөздер де бар, араб, парсы тілдерінен енген сөздерде бар, дегенмен көбі орыс тілінен енген сөздер.

Бірақ аталған еңбекте әсіресе у әрпінің дауыссыздытаңбалау жиілігі, ый, ій дыбыс тіркесін таңбалау жиілігі көрсетілмегендіктен,біз төменде 350-400 бірліктен тұратын әр стильде жазылған мәтіндер бойынша и, уәріптерінің кездесу жиілігін «қолмен» санадық.

355 сөзден тұратын ғылыми мәтінде 29 рет и әрпі жазылыпты. Олардың 4 ғана (!) қазақтілінің өз сөзі немесе игерілген кірме сөз екен: тарих, қиындық, жиі, ауытқиды. Қалған 24-і шеттілдік сөздер.  Сонда жаңа әліпбидегі і әрпімен термин сөздердегі и әрпін (kino, institut) де, төлсөздердегі і дыбысын (ini, meni, kir)да қатар жаза берсек, арасында ғана кездесетін мына 4 сөзге келгенде шатасуболмай ма? Мысалы, дәл осы тарих,қиындық, жиі, ауытқиды деген сөздерді тарыйх,қыйындық, жійі, ауытқыйды деп, шатастырмай, қате жібертпей жаздырта аламызба?

Сол сияқты 427 сөзден тұратын ғылыми мәтінді алғанда,оның 36-сында и әрпі жазылғанын көрдік. Оның ғылыми, мұқият, қасиет, дүние, жиі, биыл, ие, яғни деген сөздеріненбасқасы ғылыми терминдер болды. Яғни 28 кірме сөзде и дыбысын бір таңбамен – іәрпімен жазып, арасында осы 8 сөзді ый, ій әріптерімен ғылымый, мұқыйат, қасійет, дүнійе, жійі, быйыл, ійе, ыйағный депшатастырмай жазуға қанша уақытта дағдыланады екенбіз?

Ал «Егемен Қазақстан» газетінің соңғы нөміріндегі 350сөзден тұратын публицистикалық мәтінде 28 рет и әрпі, 58 рет у әрпікездесті, оның тек кәсіби дегенсөзінен басқа 27-сі орыс тілі арқылы енген сөздерде екен. Мысалы, осы жалғыз кәсіби сөзін кәсібій деп жазуды қалай ұмыттырмау керекпіз?

Мәтіндегі у әрпі тәуекел, сауалнама, ауқымды,зереттеу, әзірлеу, болжау, бағалау, еуразия, тұсау, әлеуметтік (бұл сөз 12 ретқайталанған), асыраушы, қорғау, төлеу сөздерінде дауыссыз у әрпін таңбалаптұр да, кездесу (2рет), туралы (2 рет), босану (3 рет), туған (2рет), су (2 рет), сақтандыру (5 рет), арылу, айырылу, алушы сөздерінде ұу, үу дыбыс тіркестерін таңбалап тұр.Сонда 58 сөздің 36-сы төл және кірме сөз болса, оның 12-сі дауыссызды таңбалап,14-і үу, ұу дыбыс тіркестерін беріп тұрса, қалған 22-сі орыс тілі арқылы енгенсөздерде. Яғни тағы да 22 рет бір таңбамен жазып келіп, арасында 14 рет ұу, үу дыбыстарынжазудан қалай шатасып қалмайды, мынау тілтанушы емес жалпақ жұрт?

«Егемен Қазақстан» газеті іскери стильде көбірек жазылатынбаспасөз болғандықтан, «Қазақ әдебиеті» газетінен де 399 сөзден тұратын мәтіндіқарап шықтық. Сонда мәтінде 47 рет и әрпі, 32 рет у әрпі кездесті. У әрпі қауым, ауызекі (2 рет), аударма, даусыз,аударылса, істеу, сөйлеу, уақытша деген 9 сөзде бір дауыссыздың таңбасы, көру, шешу, басқосу, ахуал, қолданылу, көшу,саясаттанушы, даму, еңбектену, туындау, білуімше, дамыту, болу, толтыру, қуану,көшу, шешу, қалыптастыру, туралы деген 19 сөзде екі дыбыстың таңбасынберіп  тұр екен. Бұл мәтінде  у әрпімен орыс тілінен енген 5-ақ сөзкездесті.

Осы мәтіндегі И әрпімен келетін жиын, зиялы, әдеби (4 рет), әліпби, кәсіби, ғылыми, қиналу, әрине,дүние, иесі деген 13 сөзден басқа 37 сөз орыс тілі арқылы енген сөз болыпшықты. Көркемсөзде, «Қазақ әдебиеті» газетінің өзінде 37 шеттілдік сөз қолданылыпты.Мұнда да жазарманның халі жоғарыдағыдай болмақ.

Ал көркем проза мәтініндегі 395 сөздің 23-нде и әрпі,33-нде у әрпі кездесті. Онда су, суық,жазушы, оқу, судай деген 5-ақ (!) сөзден өзге біреулер, екеуміз, аудан (2 рет), тауық, даусы, сауысқан, ауыл, Мәскеу деген 9 сөзде бір дауыссызды таңбалайды. Ал 14 сөз тағы да шеттілдік сөз.

И әрпі ылғи,киініп, сирек, жидіген, иә, миым, оқитын деген 7 сөзде ый, ій тіркестерінтаңбалап, қалғаны 16 шеттілдік сөзде жазылған.

Мұндағы айтайын деп отырғанымыз – тілтанымдық әліпбидің(толығырақ мына сілтемені қараңыз: https://dalanews.kz/50609) бірінші нұсқасымен (толығырақ мына сілтемені қараңыз: http://malim.kz/1921/) й үнді дауыссызын төл сөздерде у әрпімен, ал кірме сөздерде і әрпімен таңбаласақ, сондай-ақ у дауыссызын төл сөздерде w әрпімен, ал кірме сөздерде u әрпімен жазсақ, әріпті шығындап қанақоймаймыз, жазарманның қолын екіұшты оймен бөгейміз. Яғни қай сөзде қай әріпжәне қай сөзде бір әріп, қай сөзде екі әріп екенін білмеу, қате жазу көбейеді.

Әйтпесе, жоғарыда көрдіңіздер, 300-400 сөзден тұратынмәтін ый, ій, ұу, үу дыбыстарын жазып, «жайылып» кете қоймайды екен.Тек жазарман қай әріпті жазатынын ойланып, дағдарып қалуы мүмкін екен. Жазуавтоматизмі бұзылады.    

Оның үстіне жалпы қазақ сөзіндегі жиі қолданылатын жәнежазылатын ы мен і дыбыс-әріптерін қосыңыз. Қазақ сөздері ең алдымен  а, е дауыстыларынан тұрады, содан кейін үшінші орында ы, сосын і дыбысынантұрады.  Бұл – үлкен көрсеткіш. Бұрынғықазақ емлелерінде осы дауыстыларды таңбалауды азайту үшін бірнеше ұсынысболған, оның ең үлкенін Байтұрсынұлының өзі айтқан: “(ы) -  жаны, малы, тары деген сөздерде н,  л - дың, р — дың  соңынан естілетін дыбыс белгісі.Сөзің басында, ортасында қысқа ћәм көмескі естіліп бар жоғы еленбейтінорындарда жазбаймыз. Мысалы, қын, қыр, жылым, қырын деген сөздердіңішіндегі ы-ның барлығы аз сезіледі, хатта сезілмейді деп айтуға болады.Бұл сөздерді ы-ны жазғанда да, жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағандаоқуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны, жаны, малы деген сөздерде ы-ны жазбай, солай оқи алмаймыз, сөздің аяғында ы-ныжазу қажет” (Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. 327б.). “ы жазылмағанда сөздің мағынасы бұзылып,кемшілік келерлік болса, жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздіңмағынасына кемшілік келмесе, жазуға жеңілдігі болса ы  дыбысының харіфін жазбағанда не залал көреміздеген ойым еді” дей отырып (Сонда, 386б.), “ы  харфі бас буында ћәм барша бітеу буындажазылмайды. Ашық буында қалмай жазылады. Мәселен, мысық  жазылады ы-сыз, мсқ болып, мысығына деген сөзде ы қалмай мысғына болып жазылады” (Сонда, 151б.) деген орфограмма ұсынады.

Қ.Жұбановтың ойы даА.Байтұрсынұлымен үндес болды: “білек, тыран,ыстаған сияқты сөздерді осылай басқы ашық буында келте дауысты ы,  і-лермен жаза тұрып, пленум, тракторсияқты сөздерді ы, і-лерсіз жазған жеңіл соғар ма еді. Бір буындыдажазып, екі буындыға жазбасақ не болар еді:  біл — блек, қыр — қрау, ыс- стау. Буын айыртуды есепке алма.Қандай емле болса да, соған қарай буын жігін таптыру методикасын шығаруғаболады. Мұрын-мұрн/ы, халық-хал/қы көріп жүрген қиындығымыз жоқ. Сонда, біл мен бледі, қыр мен қру сияқтылардағы ы, і-лердің ойнамалылығы қалайша қиындық көрсетпек?” (Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1999. 138б.).  Немесе “Жекедыбыс жеке бөліп айтуға келе бермейді. Мысалы, балалар деген сөздің басдыбысын бөлек айтар болсақ, не  бы деп,не ыб деп қана  айта аламыз. Өйткені, дауыссыз дыбыс пенсонор дыбыс, алдынан, не артынан бір дауысты дыбыс қоспай, өздігінен бөлекайтылмайды” (Сонда, 197б.) дейді: “Жазуды сыңар езу ультрафонетика жолымен жазатын болғансоң, естілуі әр жолы әртүрлі, кейде болып, кейде түсіп қалып отыратын көмескідауыстылардың емлесі мүлде шатысып (асра, жамра, Ахмет, көбрек, ру,рет,  асыра, жамыра, ұру, ірет)” (сонда, 339б.) кетпеу үшін. 1935ж. латын графикасына арналған жобасында мынадай ережеұсынады: “Ограничить употребление беглого гласного, не обозначая его в письметам, где это не необходимо: а) в начальном открытом слоге, когда за ним следует слогс полным гласным а, о, е, і. Т.е. вместе теперешних: cьlan, cьluv,bьlek …писать: clan, clu, blek. Там, где за открытым слогом с беглымгласным ь следует слог опять с беглым гласным ь, там ь неотпускается: cьrm, blьm, cьlk,  gьrg,sьrg, zьgr  (сонда, с.522]; б) во всех закрытыхи замкнутых слогах zzar, gpal, galg, ‘cetm, ‘bork, grman, cyms,  blmpaz; в) во всех открытых слогах, где отсутствие букви ь не вызывает другого чтения (сонда, с.523); г) в начале слове перед r, u, і, ь не  отмечается там, где не искажет смысл слова: ru– род, yru– бить (не ruv),  ret,  ‘ьretu(іреtу)(сонда, с.523).

Сөйтіп, бүгінде ы,і дыбыстары біраз сөздерде жазылмайтын емле тұрақтанған, мысалы, рақмет (ырақымет), мемлекет (мемілекет),ресми (іресіми), рас (ырас), лас (ылас), лек (ілек)...

Дәл осы сияқты жазылмағандаайтуға зиянын тигізбейтін тұстарда түсіріп жазуға болатын орфограмма ый, ій,ұу, үу-ге қатысты еді. Енді бұл жерде де жазу экономиясы сақталмайын деп тұр.  

Құрметті әріптес! Сөз болған мәселеге жанашырлықпен қарап,даудың қайырлы шешілуіне пікіріңізді білдірсеңіз.

ҚұралайКүдеринова

А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институтының бас

ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор

Тегтер: