Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:43

Иерусалимдегі атыстан кем дегенде 5 адам қаза тапты

ИЗРАИЛЬ
Фото: Reuters

Екі қарулы адам Иерусалимнің солтүстігінде адам көп жүретін көше қиылысында автобусқа оқ жаудырды. Израиль полициясы оқиғаны «теракт» деп атап, қылмыскерлердің көзін жойғанын хабарлады.

Дүйсенбі күні таңертең Иерусалимнің солтүстігіндегі шалғай ауданда атыс болып, кемінде бес адам қаза тауып, бірнеше адам ауыр жарақат алды. New York Times жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, екі қарулы адам адам көп жүретін көше қиылысында тоқтаған қоғамдық автобуста жолаушыларға оқ жаудырғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасағандар Шығыс Иерусалимнен келген палестиналықтар.

Жедел жәрдем қызметкері Фади Декайдектің айтуынша, жаралылар жол мен вокзал маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында жатқан, кейбірі ес-түссіз болған. Оқиға орнында төрт адамның қаза тапқаны белгілі болды. Тағы ондаған зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді, олардың жетеуі ауыр халде.

ХАМАС лаңкестік тобы бұл шабуылды «басқыншылардың қылмыстарына жауап» деп атады, бірақ оған тікелей қатысы бар екенін мәлімдеген жоқ. Палестина ұлттық әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Шабуылдан кейін Иерусалимнің айналасындағы бақылау-өткізу бекеттері жабылып, бұл бекеттер арқылы Израильге кіруге және одан шығуға тыйым салынды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху шабуылға «қатаң жауап беруге» уәде берді. Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Иерусалим мен Батыс жағалауда қауіпсіздікті күшейтуге шақырды.

Тегтер: