Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:49, 12 Сәуір 2022

ІІМ басшысы ақпараттандыру және оңтайландыруға арналған курсты жариялады

None
None

ІІМ-де алқа отырысы өтті, онда ішкі істер органдарының І тоқсандағы жұмысының қорытындылары қаралды, – деп хабарлайды Polisia.

kz.

Министр Марат Ахметжанов өз орынбасарларының баяндамаларын тыңдады. Қылмыс деңгейінің төмендеуінің оң динамикасы аталып өтілді: қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 7,3%-ға азайды. Алайда ведомство басшысы статистикаға сүйенбеуге, елдегі жедел жағдайды нақты сауықтыру үшін жұмыс істеуге шақырды.

Министрдің тапсырмасы бойынша ІІМ-де “Big Data” құралдарын пайдалану арқылы ақпараттық жүйе әзірленуде. Ол криминогендік ахуалдың күнделікті мониторингін жүзеге асыруға, оны талдауға және ең бастысы барлық процестерді жедел әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Ақпаратты жинау және өңдеу автоматтандырылады, шектен тыс бюрократизм жойылады, әкімшілік және сотқа дейінгі іс жүргізу оңтайландырылады.

Министр апробацияланған жүйе Шымкент қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың ТОП-100-ін қалай автоматты түрде қалыптастырғанын мысалға келтірді. Мәселен, жергілікті жүргізушілердің бірі жарты жыл ішінде жылдамдық режимін 178 рет бұзған, айыппұлдардың сомасы 4,5 млн теңгені құрайды. Жалпы жол ережесін бұзған шымкенттіктерге 2,2 млрд. теңгеге айыппұл салынған. Статистика негізінде жасалған талдау көрсеткендей, еліміздегі әрбір үш ереже бұзушылық Шымкент автожолдарында орын алады, ал осы мегаполистің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін ашық түрде елемейді. Соның салдарынан үш айдың ішінде жол-көлік оқиғаларынан 9 адам қаза болды, бұл басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Осыған байланысты ІІМ басшысы Шымкент қаласы Департаментінің бастығына шаралар қабылдап, осы бағытта нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды. Одан бөлек, министр Полиция департаменттерінің басшыларына автоматты талдау деректерін ескере отырып, жолдарда тәртіп орнатуды және жүргізу мәдениетін арттыруды тапсырды.

Сонымен қатар ведомство басшысы өрескел құқық бұзушылардың өздерін бұзушылықтар базасынан шығару үшін Процессингтік орталықпен байланыс жасау ықтималдығын жоққа шығармады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ, жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуді тапсырды. Алқа отырысы барысында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзғандармен полицейлердің жұмыс жасауы үшін әзірленген “Қорғау” арнайы қосымшасы таныстырылды, ол бұзушылықтардың және ЖКО-ның алдын алуға мүмкіндік береді. Министр Марат Ахметжанов ауыл тұрғындары үшін бірден-бір табыс көзі болып табылатын мал ұрлығы мәселесіне назар аударып, Әлихан Бөкейхановтың “Қазақтың кең даласы малды асырайды, ал мал елді асырайды” деген сөзін қаперге салды. Ведомство басшысы Қызылорда облысының полицейлерін қатаң сынға алды, онда полицияның әрекетсіздігі салдарынан мал ұрлаушылар бостандықта және өздерін жазадан құтылғандай сезініп жүргенін айтты.

Жыл басынан бері өңірде мал ұрлығының 49 фактісіне жол берілген, ал ұрланған 178 бастың жартысы ғана азаматтарға қайтарылған. Министр жергілікті атқарушы органдармен үйлесімді іс-қимыл жасау, мал жаю ережелерінің сақталуын, әсіресе жиі ұрланатын иесіз жүрген малдарды қарау, мал жайылымдарын қадағалауды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Жалпы, Марат Ахметжанов атап өткендей, барлық үдерістерді дебюрократизациялау, ақпараттандыру және оңтайландыру: ІІМ жүйесін жетілдіру, терең талдаулар жасау, қылмыстың жасалу және өсу себептерін анықтау, олардың алдын алу және алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

“Полицейлер қағаз есеп үшін емес, адамдар үшін жұмыс істеуі керек. Полиция департаменттерінің бастықтарына артық есеп беруді болдырмауды, кеңестер санын азайтуды, қызметкерлерге қойылған міндеттерді тиімді орындауға ықпал ететін оңтайлы жағдайлар жасауды тапсырамын. Полицейлер құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, тиісті қызметтерден сұрау жасауы керек, бұл – ортақ жауапкершілік”, – деді ІІМ басшысы.

Кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысының балаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың тиімділігін арттыру, интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту, көші-қон жүйесін бақылауға алу туралы тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы қаралды. Жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықты жою, кадр саясатын жетілдіру мәселелеріне ден қойылды. Министр ең бастысы қағаздағы көрсеткішке емес халық игілігі үшін еңбек етуді қаперден шығармау қажеттігін айтты.

Тегтер: